Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Әлихан Смайылов облыс әкімдерінің жылу беру маусымына дайындығы туралы есептерін тыңдады

Әлихан Смайылов облыс әкімдерінің жылу беру маусымына дайындығы туралы есептерін тыңдады

Сенбі, 1 шілдеде, ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов орталық мемлекеттік органдар мен облыс әкімдіктері басшыларының қатысуымен алдағы жылу беру маусымына дайындық мәселелері жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Үкімет басшысы бүгінде дайындық жұмыстарының барысында өте мұқият қарауды қажет ететін проблемалық мәселелер туындап жатқанын айтты. Атап айтқанда, бірқатар объект бойынша жөндеу жұмыстары мерзімінен кешігіп жүруде.

«Бұл мәселені біз жақында өткен Үкімет отырысында талқыладық. Дегенмен өзара үйлесімді, бірлескен іс-қимылды бұдан да күшейту қажет. Сондықтан осы жұмыстардың барлығын тағы да мұқият қарап, тікелей шешім қабылдаймыз», — деді Әлихан Смайылов. 

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев республиканың бірқатар өңірінің жылу көздеріндегі проблемалық мәселелер туралы егжей-тегжейлі баяндады, ал индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Динара Щеглова жылумен жабдықтау желілерін жөндеу барысы туралы айтып берді.

Премьер-Министр «Атырау ЖЭО» АҚ-да №12 турбина өткен жылдан бері жөндеуде тұрғанын, ал №6 турбинада күрделі жөндеу жұмыстары әлі басталмағанын атап көрсетті. Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов осы мәселе бойынша түсініктеме берді.

Оған қоса Қарағанды облысындағы ЖЭО-да жөндеу жұмыстарының түрлері өзгеріп, мерзімдері ұзартылса, Маңғыстау облысында жекелеген қазандықтар мен турбиналарда жүргізіліп жатқан жұмыстардың кешігіп жатқаны, сондай-ақ «МАЭК» ЖШС-нің №2 энергетикалық блогын жөндеуге келісім-шарт жасалмағаны, Ұлытау облысы Жезқазған ЖЭО-сындағы қазандықты жөндеу 2024 жылға шегерілгені және №8 қазандықты күрделі жөндеу мерзімдерін ауыстыруға байланысты тиісті резерв қамтамасыз етілмегені айтылды. Өңірлер әкімдері Ермағанбет Бөлекпаев, Нұрлан Ноғаев және Берік Әбдіғалиұлы қабылданып жатқан шаралар туралы түсініктеме берді.

Сонымен қатар Үкімет басшысы СҚО-да «Севказэнерго» АҚ-ның 2-ші ЖЭО-сындағы №9 қазандыққа жөндеу жүргізіліп жатқанын, ал Түркістан облысында Кентау ЖЭО-сының 4 қазандығын күрделі жөндеу жоспарланғанын, алайда бұл ретте ЖСҚ әлі де мемлекеттік сараптамадан өту сатысында екенін атап өтті. Өз кезегінде Айдарбек Сапаров пен Дархан Сатыбалды көтерілген мәселелер бойынша түсініктеме берді.

Отырыс барысында Астана әкімі Жеңіс Қасымбек пен Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов сөз сөйледі.

Қорытындылай келе, Премьер-Министр жылу беру маусымына дайындық мәселелері үлкен әлеуметтік маңызға ие екенін атап өтті, сондықтан қазірден бастап ірі апаттардың алдын алып, жылыту маусымының тұрақты өтуі үшін қажетті шараларды қабылдау қажет.

«Атап айтқанда, ЖЭО және желілер иелерімен тікелей, тығыз жұмыс жасау маңызды. Мемлекет тарапынан станциялардың өтінімдеріне сәйкес тарифтер бекітілді. Бұл қаржыландыруды тартуға және жаңғырту жұмыстарын бастауға мүмкіндік береді», — деді Әлихан Смайылов.

Сондай-ақ Үкімет басшысы энергетика саласын бақылауды күшейтудің және тиісті өңірлік штабтар жұмысының маңызын атап өтті.

Кеңес соңында Үкімет басшысы бірінші вице-премьер Роман Склярға және энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевке кестеге сәйкес жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысын жеке бақылау үшін республиканың энергетикалық нысандарын тексеруді тапсырды.

«Роман Васильевич, бүгінде сіз кесте бойынша Павлодар облысының энергетикалық нысандарын, оның ішінде Екібастұз ЖЭО-сын тексеруіңіз керек. Кеңес аяқталғаннан кейін тез арада жолға шығуыңызды сұраймын. Келесі аптада Алмасадам Майданұлы Риддер және Кентау ЖЭО-ларына барады», — деп түйіндеді Премьер-Министр. 



скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді