Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Газ плитадан 65 орама табылды: Шымкентте есірткі қойып кетуші ұсталды

Газ плитадан 65 орама табылды: Шымкентте есірткі қойып кетуші ұсталды
Фото: Polisia.kz

Шымкентте есірткі қойып кетуші ұсталды. Үйін тінту барысында газ плитаның ішінен 65 орама табылды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына  сілтеме жасап.

Hyundai Elantra көлігін тізгіндеген ер адам қаланы аралап, есірткі жасыратын орындар іздеген. Полиция департаментінің есірткімен күресушілері оған қалыпты “жұмыс істеуге” мүмкіндік бермеді. Есірткі қоюшының көлігін тәртіп сақшылары Қаратау ауданындағы көшелердің бірінде тоқтатты. Полицейлер автокөліктің ішін тексеру барысында скотчпен оралған синтетикалық есірткінің 49 дозасын тапты. Бұдан әрі, ұсталған адамның жалдамалы пәтерінен есірткі заттарын буып-түюге арналған құралдар мен таразылар, сондай-ақ ұнтақ тәрізді заттар салынған 65 орама табылды. Ер адам есірткі орамдарын жасыру мақсатында газ плитасына тығып қойған.

Аталған жайт бойынша Қаратау АПБ Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі «аса iрi мөлшердегі есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау» бойынша қылмыстық іс қозғады. Сараптама қорытындысына сәйкес тәркіленген заттар «мефедрон» болып шықты. Күдікті Түркістан облысының тұрғыны уақытша ұстау изоляторына қамалды. Алдағы уақытта жинақталған іс құжаттар сотқа жолданады”, – деді тергеуші Нұрислам Есенбеков.

Сондай-ақ, полиция қызметкері аталған қылмысты жасау 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына әкеп соғатынын атап өтті.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Ұлытау облысында бақшасына есірткі өсірген тұрғын анықталды
Марат Қарабаев Ұлытау облысының даму жоспарымен танысты
Димаш өзінің Stranger әлемдік турына кәсіби бишілерді іздеп жатыр
Мультимедиа
Мемлекет басшысы БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттары жөніндегі саммитіне қатысты
Қазақстанда ҰҚШҰ-ға қатысушы мемлекеттердің халықаралық есірткіге қарсы операциясы аяқталды
Қазақстанда күзгі шақыру науқаны басталды
Мемлекет басшысы «ЭКСПО Орталық Азия – 2023» көрмесіне барды
Қосқұдық ауылында мектеп ашылды