Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Шымкентте сөмкесіне есірткі сақтаған ару үш жылға сотталды

Шымкентте сөмкесіне есірткі сақтаған ару үш жылға сотталды
Фото: pixabay.com

Шымкентте сөмкесіне есірткі сақтаған ару үш жылға сотталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Полицияның “102” арнасына Еңбекші ауданының тұрғындары есірткі қылмысы туралы хабарламамен жүгінді.

Олар өз кварталында есірткі орындарын іздеп жүрген жастарға шағымданды. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, бейтаныс жігіт пен қыз үлкендердің ескертуіне агрессиямен жауап берген.

Шақырту бойынша оқиға орнына жедел топ барды. Тыйым салынған заттардың бар-жоғын тексеру кезінде қыздың косметикалық сөмкесінен ұнтақ тәрізді заттар салынған 5 орама табылды.

Сараптама қорытындысан сәйкес, бұл жалпы салмағы 6 граммға жуық мефедрон синтетикалық есірткісі екені расталды.

Тергеушілер аталған жайтты Қылмыстық кодекстің 296-бабы 4-бөлігі (Аса ірі мөлшердегі психотроптық заттарды өткізу мақсатынсыз заңсыз иемдену және сақтау) бойынша тіркеді.

Өз жауабында ханым екі күн бұрын түнгі клубтан қайтып келе жатып, жолда кездейсоқ “ұнтақтың” алты дозасы бар пакетті тапқанын айтты. Оның біреуін досымен бірге қолданып көріп, қалғанын косметикалық сөмкесіне тығып қойған.

Тергеушілер барлық қажетті дәлелдемелерді жинап, қылмыстық істі сотқа жіберді. Ауыр қылмыс жасағаны үшін сот 31 жастағы Түркістан облысының тұрғынын үш жылға бас бостандығынан айырды.

Шымкент полицейлері есірткі заттарымен байланысты кез келген заңсыз іс-әрекет қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін ескертеді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартты
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Ұлытау облысында бақшасына есірткі өсірген тұрғын анықталды
Мультимедиа
Қазақстан Президенті бірқатар келісімге қол қою рәсіміне қатысты
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақылауда
Теңге дизайны өзгерді