Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Шымкентте самокат мінген азаматтан аса ірі мөлшерде синтетикалық есірткі тәркіленді

Шымкентте самокат мінген азаматтан аса ірі мөлшерде синтетикалық есірткі тәркіленді
Фото: polisia.kz

Шымкентте самокат мінген есірткі қойып кетуші ұсталды. Жігіттен аса ірі мөлшерде синтетикалық есірткі тәркіленді, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қала аумағында рейдтік іс-шаралар жүргізу барысында түнгі уақытта қараңғы көшеде самокат айдап жүрген жас жігіт есірткімен күресушілердің күдігіне ілікті.

Тыйым салынған заттардың бар-жоғын тексеру кезінде полицейлер оның сөмкесінен бір реттік доза салынған синтетикалық есірткінің 20 дана орамын және оны жасыру үшін жерді қазуға арналған пышақ тапты.

Сондай-ақ жедел уәкілдер ұсталған азаматтың пәтерін тінтіп, одан 120 грамм ұнтақ тәрізді психотроптық зат салынған пакет, 2 таразы және 19 есірткі орамын тауып, тәркіледі.

Ер адам ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігінде көзделген (Аса iрi мөлшердегі есірткі, психотроптық заттарды сол тектестарді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау не тасымалдау) қылмысты жасағаны үшін күдікті деп танылып, тергеу изоляторына қамалды.

Қазіргі таңда Әл-Фараби АПБ-да аталған осы жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Атап өту керек, соңғы уақытта нашақорлық пен есірткі қылмысына қарсы күреске басымдық берілуде. Бұл туралы Мемлекет басшысы жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауында бірнеше рет айтқан болатын. Құқық қорғау органдары есірткінің заңсыз айналымына байланысты құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу бойынша күшейтілген жұмыс жүргізіп жатыр.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартты
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Мультимедиа
Қазақстан Президенті бірқатар келісімге қол қою рәсіміне қатысты
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақылауда
Теңге дизайны өзгерді