Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы облысының құтқарушылары қар құрсауынан жеті адамды құтқарды

Ағымдағы жылдың 6 желтоқсанында сағат 19.37-де Алматы облысы ТЖД кезекшілік байланыс пультіне Алакөл ауданында, «Көктұма» станциясы мен 16 разъезд арасындағы «Үшарал-Достық» автожолында қар құрсауында екі автокөлік тұрып қалғаны туралы хабарлама келіп түсті, екі автокөліктің әр саонында екі ер адамнан болған. Қатты боранның салдарынан жолды қар басып, көліктер қозғалысты жалғастыра алмады. Сағат 21.09-да Ақши ауылындағы Жедел-құтқару жасағы қызметкерлерінің күшімен аталған автокөліктер жолдың тазартылған жүріс бөлігіне сүйреп шығарылды және олар әрі қарай өз жүрісімен қозғалыстарын жалғастырды.


Сағат 13.14-те «Үшарал-Достық» автожолының 45-ші шақырымында Жалаңашкөл учаскесінде DAF маркалы жүк көлігі қар құрсауында қалып қойды. Сағат 22.22-де Достық ст. 20-ӨСБ қызметкерлері аталған автокөліктен 2 адамды эвакуациялап, Достық станциясына жеткізді.

Сағат 22.22-де «Алматы – Өскемен»- Қапал Арасан шипажайы» автожолының 35 шақырымында жеңіл автокөлік қар құрсауында қалып қойды. Салонда жалғыз жүргізуші ғана болды. Талдықорған қ. ЖҚЖ құтқарушылары шақырту орнына келген бойда аталған автокөлікте бензин таусылғанын анықтады. Сағат 23.58-де құтқарушылар жүргізушіні Талдықорған қаласына эвакуациялады.


Құтқарылғандардың барлығы медициналық көмекке мұқтаж емес.


Қысқы кезеңде жолдарда төтенше жағдайларды болдырмау үшін Алматы облысының ТЖД ауа райының өзгеруін, метеорологиялық мәліметтерді қадағалауды, 112 қызметінің СМС хабарламаларын ескермеуді және ауа райының нашарлауы және автожолдарда автокөлік қозғалысына шектеу енгізу кезінде жолға шықпауды сұрайды.


Қысқы сапарға шықпас бұрын, машинаны төтенше жағдайда Сізге көмектесетін қосымша, бірақ өте қажет жүкпен, сондай-ақ жанармаймен қамтамасыз ету керек. Егер қозғалу мүмкіндігі болмаса және көмексіз шығуға болмайтынын түсінсеңіз, үрейленбеңіз, дереу жедел қызмет телефондарына қоңырау шалыңыз «112», «101», «102». Сіздің координаттарыңызды, айналаңызда болып жатқан оқиғалар туралы ақпаратты, отын қорын және т.б. беріңіз. Көмек міндетті түрде келеді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартты
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Мультимедиа
Қазақстан Президенті бірқатар келісімге қол қою рәсіміне қатысты
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақылауда
Теңге дизайны өзгерді