Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ислам Сәтбаев Францияда өтетін Олимпиадаға алғашқы жолдаманы жеңіп алды

Ислам Сәтбаев Францияда өтетін Олимпиадаға алғашқы жолдаманы жеңіп алды
Фото: ҚР Қорғаныс министрлігі

Әзербайжан астанасы Бакуде ISSF аясында оқ және стенд атудан 53-ші лицензияға әлем чемпионаты өтіп жатыр. Оған Қазақстан құрамасы да қатысады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бағын сынау үшін сайысқа әлемнің 100 елінен 1500-ден астам спортшы келген. Ол жерде Қазақстан атынан 50 мықты мерген бақ сынауда.

Қорғаныс министрлігі Спорт комитетінің Штаттық командаларын даярлау орталығының спортшы-нұсқаушысы ҚР Қарулы күштерінің қызметшісі Ислам Сәтбаев ерлер арасында "10 м-ден пневматикалық мылтықтан оқ ату" жаттығуының финалында төртінші орынға ие болып, олимпиадаға лицензия алды. Бұл жаттығуда швед атқышы Виктор Линдгрен (251,3 ұпай) жеңімпаз атанса, қытайлық Хаоран Ян (250 ұпай) күміс жүлдеге, чех атқышы Франтишек Сметана 227,5 ұпаймен қолаға ие болды.

Бұл жаттығуда Париж олимпиадасына барлығы 4 жолдама берілді. Сонымен қатар, Алматыдан келген атқыш Ислам Сәтбаев 632,7 ұпай жинап, Қазақстанның рекордын орнатты.

– 2024 жылғы Олимпиада ойындарына арналған бұл лицензия біз үшін күтпеген жағдай болған жоқ. Ислам – еліміздің мықты мерген. Ол өте көп дайындалды. Бұл Олимпиада алдындағы алғашқы лицензия берілетін чемпионат. Оның табандылығы мен сенімділігі осындай нәтиже берді. Сондай-ақ, оның жеке жаттықтырушысы әскери спорт ардагері, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Геннадий Романович Насонов, – деді Қорғаныс министрлігі Спорт комитетінің – Орталық спорт клубы оқ ату және стенд ату командасының бастығы сержант Ольга Важнина.

Оқ пен стенд атудан лицензия берілетін әлем чемпионаты 1 қыркүйекке дейін жалғасады. Жарыс пистолет пен мылтықтан стендтік ату және жылжымалы нысанаға оқ ату бойынша өткізіледі.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Ұлытау облысында бақшасына есірткі өсірген тұрғын анықталды
Марат Қарабаев Ұлытау облысының даму жоспарымен танысты
Димаш өзінің Stranger әлемдік турына кәсіби бишілерді іздеп жатыр
Мультимедиа
Мемлекет басшысы БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттары жөніндегі саммитіне қатысты
Қазақстанда ҰҚШҰ-ға қатысушы мемлекеттердің халықаралық есірткіге қарсы операциясы аяқталды
Қазақстанда күзгі шақыру науқаны басталды
Мемлекет басшысы «ЭКСПО Орталық Азия – 2023» көрмесіне барды
Қосқұдық ауылында мектеп ашылды