Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қарулы Күштерде әскерилендірілген кростың қорытындысы шығарылды

Қарулы Күштерде әскерилендірілген кростың қорытындысы шығарылды
Фото: gov.kz

Ақмола облысының Щучинск қаласында Қорғаныс министрлігінің Спорт комитеті – Орталық спорт клубының базасында әскерилендірілген кростан чемпионат аяқталды, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Жарыс Қарулы Күштердің ХХ Спартакиадасы аясында өткен болатын. Оған Қарулы күштердің барлық түрлерінен, әскер тектері мен өңірлік қолбасшылықтардан 70 спортшыдан тұратын 17 команда қатысты.

– Ерлер үшін 3, әйелдер үшін 1,5 шақырымдық қашықтық белгіленді. Шағын калибрлі мылтықтан ату және Ф-1 гранатасын лақтыру үшін трассада арнайы учаскелер дайындалды. Әрбір мүлт кеткен нысана үшін жүз метрлік айыппұл шеңбері қосылды, – деп түсіндірді жарыс шарттарын Спорт комитеті спорттық іс-шараларды ұйымдастыру орталығының бастығы майор Атахан Нұридинов.

Командалық есепте "алтынды" Әуе қорғанысы күштерінің спортшылары, "күмісті" Десанттық-шабуылдау әскерлері, "қоланы" 32039 әскери бөлімінің спортшылары жеңіп алды. 

Ерлер арасында жеке есепте қатардағы жауынгер Руслан Бекешов чемпион атанды. Күміс жүлде 3-сыныпты сержант Жігер Нұршабаевта. Екі жауынгер де десанттық-шабуылдау әскерлерінің қызметшілері. "Қолаға" Әуе қорғанысы күштері құрамасының сапында өнер көрсеткен сержант Олжас Рашитов ие болды.

Әйелдер арасында Әуе қорғанысы күштерінің әскери қызметшісі сержант Рене Леоноваға тең келер ешкім болмады. Күміс жүлдені "Астана" өңірлік қолбасшылығының спортшысы кіші сержант Людмила Губарева, қола жүлдені әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің ефрейторы Данагүл Өмірзақова иеленді. 

Чемпионат қорытындысы бойынша әскерилендірілген кростан Қазақстан Қарулы күштерінің құрама командасы жасақталатын болады. Қазақстандық спортшылар ТМД әскери қызметшілері арасында өтетін халықаралық жарыстарда өнер көрсетеді. Жарыс ағымдағы жылдың қыркүйек айында Алматы қаласында өтеді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді