Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстан велоспорттан Азия чемпионатында 13 медальмен жалпы есепте 1-орын алды

Қазақстан велоспорттан Азия чемпионатында 13 медальмен жалпы есепте 1-орын алды
Фото: ҚР мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі

Бүгін Таиландтың Районг қаласында тас жолдағы велоспорттан Азия чемпионатының шешуші жарыс күні өтіп жатыр, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Санаулы сәттер бұрын ерлер арасындағы 156 шақырым болатын топтық жарыста Ұлттық құрама спортшылары қос жүлде жеңіп алды. Отандасымыз Глеб Брусенский мәре сызығын бірінші болып кесіп өтсе, тәжірибелі Евгений Гидич күміс медальге қол жеткізді. Ал үздік үштікті жапониялық велошабандоз Юкия Араширо түйіндеді.

Сары құрлық чемпионатының нәтижесінде Қазақстан құрамасы 8 алтын, 4 күміс және 1 қола медальмен жалпы есепте 1-орын алды. Екінші орынды жарыс қожайыны Таиланд алса, үздік үштікті Вьетнам түйінеді. Биылғы бәсекеде барлығы 15 ел жүлдеге қол жеткізді.

Жалпы Районгта сары құрлықтың 27 елінен келген 700-ге жуық велошабандоз ересектер арасындағы 42-ші, жастар арасындағы 29-шы, 11-ші пара Азия чемпионатында сынға түсті. Мұнда Париж Олимпиадасына қажет рейтинг ұпайлары сарапқа салынды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді