Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстандық самбошылар екінші күні жеті медаль жеңіп алды

Грекияның Салоники қаласында самбодан жастар арасындағы әлем чемпионаты өтіп жатыр. Бүгін бәсекенің екінші күні 10 салмақта жүлде жинытығы сарапқа салынды, деп хабарлайды kazlenta.kz. 

Қазақстандық спортшылардың нәтижесі төмендегідей:

Ерлер арасында 88 келідегі Құдірет Досымов ақтық сында ресейлік Максим Мержляковқа, қыздар арасында (59 кг) Ақтоты Зәріп украиналық София Бординскихке есе жіберіп, күміс жүлдегер атанды.

Сонымен қатар ерлер арасында Нұрым Қайроллин (58 кг), Есентай Имаханов (64 кг), қыздар арасында Айкүн Рахметова (50 кг), Әлпеш Изенбай (54 кг), Анель Қайратқызы (65 кг) қола медальге ие болды. 

Кеше, әлем чемпионатының алғашқы күні қазақстандық самбошылар 3 жүлдеге қол жеткізген еді. Аман Бақытжан 58 келіде ақтық сында украиналық Максим Бабичтен басым түсіп, чемпион болды. Ал Нурилә Асанқызы (+80 кг) мен Алдияр Қарағұлов (53 кг) үшінші орын алды.

Айта кетейік, әлемнің 30-дан астам мемлекетінен спортшы келген бәсеке 17 қазанда аяқталады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді