Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ұлттық ұланның әскери қызметшісі Азия чемпионы атанды

Ұлттық ұланның әскери қызметшісі Азия чемпионы атанды
Фото: polisia.kz

Ұлттық ұланның елордадағы 5573 әскери бөлімінің әскери қызметшісі Ержан Еренқайыпов 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде дзюдодан ашық Азия кубогында алтын медаль жеңіп алды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

28-29 сәуір аралығында Кувейт астанасы – Эль-Кувейтте өткен жарысқа әлемнің 27 елінен 150-ден астам спортшы қатысты.

Қазақстанның атынан 8 салмақ дәрежесінде 15 спортшы сынға түсті.

Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте Оңтүстік Корея құрамасынан кейін екінші орынға ие болды.

Қазақстандық спортшылардың қоржынында 7 медаль бар: 2 алтын, 2 күміс және 3 қола.

– Әлемдік аренада біздің құраманың атынан алтын медаль жеңіп алғаныма өте қуаныштымын. Финалда мен түрікмен дзюдошысы Довран Язкылычовпен кездестім. Бұл керемет жекпе-жек болды. Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы Еркін Ботақановқа осы жарысқа қатысуға мүмкіндік бергені үшін, сондай-ақ өз жаттықтырушыларыма алғысымды білдіремін, – деді ефрейтор Ержан Еренқайыпов.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартты
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Мультимедиа
Қазақстан Президенті бірқатар келісімге қол қою рәсіміне қатысты
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақылауда
Теңге дизайны өзгерді