Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елорда көшелері нөсер жауыннан кейін су астында қалды

Елордада бүгін, 10 тамызда нөсер жауын жауып, көшелерді су басты. Қала әкімдігі арнайы техниканы жұмылдырып, су сору жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасаған kazlenta.kz

Жауыннан кейінгі жағдайды куәгерлер видеоға түсіріп алып, әлеуметтік желілерде тарата бастады. Бейнежазбаларда елорданың бірнеше көшесін су басып, көлік қозғалысын қиындатқанын көруге болады.Жауыннан пайда болған көлшік су онсыз да қиындаған көлік қозғалысына кедергі келтіріп, кептеліс тудырған.

Нөсер жаңбыр тротуарларды басқан, ауа райы жолда қалып қойған жаяу жүргіншілерге қолайсыздық тудырған. Осы жайтқа байланысты NUR.KZ тілшісіне елорда әкімдігінің баспасөз қызметі пікір білдірді. Ведомство суды сору үшін қалада 100-ге жуық арнайы техника жұмылдырылғанын хабарлады.

Сонымен қатар әкімдік нөсер кәрізі мен тазарту құрылғыларын жасау және олардың өткізу қабілетін кеңейту жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп жатқанын мәлім етті.Мәселен, құрылыс жұмыстарының нәтижесінде 146 проблемалық аумақты су басу мәселесі шешілген. Сондай-ақ 130 шақырымнан астам нөсер кәрізі мен арық жүйесі салынған, 1000 тексеру және жаңбыр суы ұңғымалары тазартылған, 20 шақырымнан астам коллектор жуылып, 6500 құбыр бумен өңделген.Әкімдік мәліметінше, Алматы ауданында (Шәмші Қалдаяқов көшесі), жаңа вокзалда, сондай-ақ Ұлы дала даңғылының бойында және басқа жерлерде нөсер кәрізі құрылысы әлі де жалғасуда. Кейін әкімдіктегілер бірнеше көшеде су сору жұмыстары аяқталғанын жеткізді.
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты