Қатты жауын Astana IT University ғимаратының төбесін тесіп аққан. Салдарынан университет мүлкі бүлінді, деп хабарлайды КТК арнасы. Әскери формадағы ер-азаматтар оқу бөлмесіндегі компьютерлерді жинап әлек болған.Ал Hilton Astana ультразаманауи қонақүйінің барлық қызметкері бір күнге еден жуушыға айналды.
Желі қолданушылары қонақ үйден адамдар басқа орынға көшірлегенін айтады. Шелектеп жауған жаңбырдан бас қаланың көшелері де көлге айналды. Кенесары көшесіндегі топан суды елордалықтар Ниагара сарқырамасына, Иманов көшесін Венецияға теңеп жатыр. Ал Сейфуллин көшесінің тұрғындары жаңбыр суының подъезге дейін кіргенін видеоға түсіріпті. Мұндағылар 10 жылдан бері толассыз жауған жаңбырдан, көктемдегі қар суынан зардап шегіп келедтінін, су кешіп жүру көпқабатты үйлер салынғаннан кейін пайда болғанын айтуда.Ал оны сорып алуға, кәріз жүйесін жаңартуға жергілікті басшылар қауқарсыз.
"Екі үй салынды. Үш үйдің кәріз жүйесі бір құбырда, сосын кетпейді әрі қарай. Оны үлкейту керек. Жертөледен ылғи сасық иіс шығады. Жертөледе су толып тұрады. Көктемде қар еріп, суға толады", - дейді Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Саламат Айзатов.