Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қордай ауданындағы Үлкен Сұлутөр ауылында сел жүрді (видео)

Жамбыл облысы Қордай ауданы Үлкен Сұлутөр ауылында жауған нөсер жаңбыр салдарынан сел жүрді, деп хабарлайды өңірлік ТЖД-ға сілтеме жасаған Kazlenta.kz

Ведомствоның мәліметінше, 23 маусымда кешкі сағат 20.00-де Үлкен Сұлутөр ауылында нөсер жаңбыр салдарынан Ырғайты өзенінің бойымен сел жүріп, ауылдың жолдарын су басқан. Су ағынының салдарынан жеке тұрғын үйлердің екі шаруашылық құрылысы қираған. ТДЖ оқиғадан қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ екенін, алдын ала мәлімет бойынша мал шығыны бар екенін атап өтті.

"Жергілікті атқарушы органның комиссиясы келген залал мөлшерін анықтауда. Оқиға орнына өңірлік төтенше жағдайлар департаментінен сегіз қызметкермен екі техника, жергілікті атқарушы органдардан бес қызметкермен екі техника жіберілді", - деп хабардар етті облыстық ТДЖ.

Сонымен қатар ведомство нөсер жауын салдарынан сағат 23:25-те Қордай ауданы, Шарбақты ауылынан 4 шақырым жердегі Ырғайты өзенінде су деңгейі көтерілгенін хабарлады. Бұл уақытта оның жағасында 11 адам демалып жатқан. Су көтерілген кезде 6 адам дөңес жердегі аралда көлік ішінде қалып қойған. Сондай-ақ екпінді ағыс демалушылардың екінші көлігін шайып кеткен.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады