Кеше, 12 шілдеде Алматы облысының Ұйғыр ауданында толассыз жауған жаңбыр салдарынан республикалық маңызы бар "Ақсай-Шонжы" тасжолының 12 шақырымында тас жиналды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасаған Kazlenta.kz
Сел салдарынан аталған аумақта көліктер бір ғана жолақпен жүруге мәжбүр болды. Ведомство мәліметінше, балшықты тас массасының жалпы көлемі 10 текше метрді құраған. Сондай-ақ осы автожолдың 18 және 19 шақырымында су тасқыны жүріп өткен, 18 шақырымда жол төсемі ішінара шайылған.
Аталған учаскелерде жергілікті полиция қызметкерлері бекеттер қойып, қауіптің алдын алу үшін белгілер орнатқаны белгілі болды. Ұйғыр ауданы Шонжы ауылының ДЭУ-17 күшімен (5 қызметкер, 3 техника) жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Тасжолды тазарту үшін жергілікті атқарушы органдар, Ұйғыр ауданының төтенше жағдайлар бөлімі (3 қызметкер және 1 техника), патрульдік полиция (2 қызметкер және 1 техника) тартылды.
Ведомство 13 шілде күні сағат 09-00-де қалпына келтіру жұмыстары аяқталғанын хабарлады. Айта кетейік, табиғи апаттан зардап шеккендер, қаза тапқардар жоқ.
14-07-2022, 10:12
Алматы облысында сел жүрді
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз