Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ұлытау облысында белгісіз індеттен ірі қара қырылып жатыр

Ұлытау облысында белгісіз аурудан 70-тен астам ірі қара қырылды. Ауру тек сиырларға жұғып жатыр. Нұр-Сұлтан мен Қарағандының ветеринарлық зертханалары екі түрлі қорытынды жасап отыр. Фермерлер әртүрлі қорытындылар кесірінен тиісті ем тағайындалмағанына шағымданады, деп хабарлайды ҚазАқпарат-қа сілтеме жасаған Kazlenta.kz

Мал ауруы Жезқазғаннан 320 шақырым жердегі Көктабан қыстағында тіркелген. Облыстағы ең ірі Мибұлақ ауылдық округінде 150-ге жуық қыстақ бар. Жергілікті шаруашылықта сиыр мен жылқы өсіріледі. Індет тарағалы бір айдың көлемінде 64 ірі қара қырылды. Бірінші дерек 18 маусымда тіркелген. Шаруалар бұл көрсеткіш әлі де өсуі мүмкін екендігін айтады. Аурудың көрінісі барлық сиырларда бірдей: мала күйсеуін тоқтатып, іші өтіп, қарны қабырғасына жабысып, арам өліп жатыр.

Ал, сауын сиырлар суалып, бірнеше күннен соң арам өліп қалады. Облыс және аудан ветеринарлары патологиялық-биологиялық сынамаларды алып, Нұр-Сұлтан мен Қарағандыға жіберген. Екі жақтан екі түрлі диагноз келген. Бірі инфекциялық ауру – ринотрахит деп қойса, ал екіншісі – кенеден тейлериоз жұқтырған деген қорытынды шығарды. Алайда, тұрғындар бұл шешімдермен келіскілері келмейді.


«Малды сойған кезде қаны су сияқты ағып кетеді. Егер кене ауруы болса, бірден байқалар еді. Менің ойымша, бұл басқа ауру. Кене ауруы пайда болған кезде сиырдың сүті жоғалады және мал аузынан суы ағып, құлап жатады. Диагноз дұрыс қойылмаған. Жақында олар келіп, температураны өлшеп, қан алды. Өлген сиырдың басын кесіп алды. Олар температура бар деді. Егер бұл жұқпалы ауру болса, онда ол сиыр арқылы бұзауға беріледі, содан кейін адам жұқтыруы мүмкін», - дейді шаруа қожалығының басшысы Жеделбай Жанмайлов.

«Ринотрахит бойынша 1 айға карантиндік шаралар енгізілді. Қазір біз осы сиыр сүтімен, өнімдерімен, етпен өмір сүріп, тамақтанамыз. 1 айлық шектеуден кейін не болады? Қандай шарттар болады? Біздің сұрап отырғанымыз – жоғарғыда отырған адамдар бізге түсіністікпен қарап, көмектессе екен дейміз. Біз қырылып қалған 64 ірі қараны кем дегенде 25 млн теңгеге бағалап отырмыз», - дейді ауыл тұрғыны Клара Ахметова. Осы аурудан көрші 3 қыстақта 10-ға жуық сиыр қырылған. Қалған малды құтқару үшін ауыл тұрғындары барлық органдарға жүгінген. Қазір шаруалар тиісті егулер жасап, жануарларды жергілікті ветеринар тағайындаған препараттармен емдеп жатыр. Алайда, әзірге нәтиже жоқ. «Біз малды емдеуге өз қалтамыздан ақша төлейміз. Препараттың 1 құтысын 16 мың теңгеге сатып аламыз. Дәрі-дәрмекке 400 мың теңге жұмсадық», - деді Клара Ахметова. Шаруалар жануарлардың өлексесін өз күштерімен өртеп, көмген. Алайда қорымның айналасы қоршалмаған. Дезинфекциялық жұмыстар да жүргізілмеген.


«Мемлекет басшысы мал шаруашылығымен айналысуға шақырады. Алайда, мал шаруашылығымен айналысқан кезде біз мұндай індетке жиі кезігеміз. Егер бізде осындай сәттерде көмектесетін жақсы ветеринар, дәрігер болса, онда бізге басқа ештеңе қажет емес еді. Дұрыс диагноз қойып берсін», - дейді шаруа қожалығының иесі Қасымтөре Дәуітбаев. Жергілікті билік қыстақтардағы жағдайдан хабардар. Облыстың бас ветеринарының айтуынша, мәселенің шиеленісуіне шаруалардың өздері кінәлі. Мал өлімінің алғашқы оқиғасы 18 маусымда тіркелгенімен, иесі ветеринарға шілде айының басында хабарлады деп отыр. Осы уақыт ішінде ауру өршіп кеткен. «Ешкімге ештеңе хабарланған жоқ. Ауру асқынған. Фермерлерге таң қаламыз.

Олар 60 мал өлгенге дейін үнсіз отыра берген. Эпидемия алғашқы сиыр өлгеннен кейін 18 күн өткен соң жарияланды. Оған дәрі бөлінді. Осы препаратпен 11 күн екпе жасап, емдеді. Ауру жануарлар ветеринарлық дәрігерлердің бақылауында. Қазір карантин жүріп жатыр. 30 күн жалғасады. Егер мал өлсе, біз оны ұзартамыз. Барлық іс-шараларды орындаймыз. Дезинфекция, вакцинация, емдеу. Бұл шаралардың барлығы мемлекет есебінен болады. Материалдық база, барлық дезинфекциялық құралдар, малға дезинфекция жүргізу осының бәрі біздің есебімізден. Ал бұл ауру өтемақы төлеуді қарастыратын санатқа жатпайды», - деп түсіндірді ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Ұлытау облысы бойынша аумақтық инспекциясы басшысының міндетін атқарушы Төлеген Рысбеков.



скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді