Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Президент тапсырмасы: Шымкентте ерекше жандарға арналған орталық салынуда

Президент тапсырмасы: Шымкентте ерекше жандарға арналған орталық салынуда
Фото: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Шымкент қаласында әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту және ерекше күтімді қажет ететін адамдарға қолайлы орта қалыптастыру бағытындағы ауқымды жобалар жүйелі жүзеге асырылып келеді. Соның бірі – Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес салынып жатқан 150 орындық заманауи оңалту орталығы, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2024 жылдың желтоқсан айында басталған құрылыс бүгінде қарқынды жүргізілуде. Бозарық шағынауданында орналасқан кешеннің жалпы аумағы 5,3 гектарды құрайды. Жоба 5 блоктан тұрады және халықаралық талаптарға сай жабдықталмақ.

Орталықта І-ІІ топтағы мүгедектігі бар азаматтарға жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетіледі. Бұл қызметтер осы санаттағы азаматтардың өмір сапасын арттыруға, олардың қоғамға бейімделуіне және әлеуметтік қолдауды жан-жақты қамтамасыз етуге бағытталған.

Кешен аумағында спорт залы, емдік-сауықтыру бассейні, акт залы, үш қабатты оңалту корпусы, кең асхана, екі қабатты стационар және қосымша техникалық нысандар қарастырылған.

Қазіргі таңда құрылыстың 60 пайызы аяқталды. Барлық жұмыс тиісті талаптар мен сапа стандарттарына сәйкес жүргізілуде. Нысан құрылысында 262 жұмысшы еңбек етеді.

Жобаны 2026 жылдың желтоқсан айында аяқтап, пайдалануға беру жоспарланып отыр. Бұл бастама Шымкенттің әлеуметтік жауапкершілігі жоғары мегаполис ретіндегі әлеуетін арттырып, қала тұрғындары үшін қолайлы әрі қамқор орта қалыптастыруға серпін береді.
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді