Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қостанай облысында құс қырылып жатыр

Қостанай ветеринария басқармасы Федоровский және Қарабалық аудандарында құстардың қырылуына қатысты ақпаратқа түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат-қа сілтеме жасаған Kazlenta.kz.

Ведомство мәліметінше, Қарабалық ауданының Тоғызақ, Веренка, Смирновка және Михайловка елді мекендерінде құстарда Ньюкасл ауруына ұқсас клиникалық белгілер байқалғаны туралы хабарламалар ветеринарлық қызметке 9 сәуірде түсе бастаған.

"Ауданның ветеринарлық қызметі ауру құстың биологиялық және патологиялық материалдарын жинап, Ньюкасл ауруына тексеру үшін Нұр-Сұлтан қаласының ветеринария жөніндегі ұлттық референттік орталығына жіберді. Құс ауруы тіркелген жеке қосалқы шаруашылықтарда Қарабалық ауданының ветеринарлық станциясы аурудың таралуына тосқауыл қою мақсатында қора-қопсы мен аулаларды дезинфекциялап, 1444 бас құсқа профилактикалық екпе салды. Құстарды қайта вакциналау алғашқы екпеден кейін екі аптадан соң қарастырылған", - деп түсіндірді ветеринария басқармасынан.
 
Салалық ведомствоның сендіруінше, 9 маусымнан бері құс ауруы тіркелген жоқ. Федоров ауданына келсек, ветеринарлық қызметтің мәліметі бойынша құстардың жаппай қырылуы тіркелмеген. Құстардың өлу фактілерін тұрғындар аудандық ветеринария қызметіне хабарлаған жоқ. Ақпаратқа сәйкес, 15 маусымда Ленино ауылында 3 құс өлген.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты