Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда регбиден Қазақстан әйелдер құрамасы Азия чемпионатының күміс жүлдесін иеленді

Алматыда регбиден Қазақстан әйелдер құрамасы Азия чемпионатының күміс жүлдесін иеленді
Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

10 мамыр күні Алматыда өткен “Asia Rugby Emirates Women’s Championship” халықаралық турнирі мәресіне жетті. Байрақты бәсеке нәтижесінде Қазақстан әйелдер құрамасы регбиден Азия чемпионатының күміс медалін жеңіп алды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Турнирдің соңғы матчында қазақстандық спортшылар Гонконг құрамасымен кездесіп, тартысты ойында 26:26 есебімен тең түсті.

Күміс жүлденің тағдыры Жапония құрамасына қарсы өткен ойындардағы ұпай айырмасына байланысты шешілді. Қазақстан құрамасы бұл көрсеткіш бойынша қарсыластарынан сәл ғана басым түсіп, қажетті нәтижені сақтап қала алды.

Нөсер жауын мен қолайсыз ауа райына қарамастан, ұлттық құрама ойын барысында жоғары дайындық пен табандылық танытып, құрлықтағы мықты командалардың бірі екенін дәлелдеді.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасының сапындағы 26 спортшының 16-сы Алматы қаласының өкілдері.

Алматы қаласы Спорт басқармасы өкілдерінің мәліметінше, бұл жетістік команда ішіндегі ауызбіршілік пен спортшылар және жаттықтырушылар штабының қажырлы еңбегінің нәтижесі.

Турнир қорытындысында Жапония құрамасы чемпион атанса, Қазақстанға екінші орын бұйырды. Ал Гонконг құрамасы үздік үштікті түйіндеді.

Өз алаңында өткен Азия чемпионатындағы күміс жүлде қазақстандық әйелдер регбиі үшін маңызды тарихи нәтиже саналып, ұлттық құраманың халықаралық деңгейдегі әлеуетін тағы бір мәрте көрсетті.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді