Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада спорт нысандары аумағында экоакция өтті

Астанада спорт нысандары аумағында экоакция өтті
Фото: Астана қ. әкімдігі

Астанада Дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты спорт мекемелерінде экоакция өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Тазалық және абаттандыру шаралары қала аумағындағы «Аспан» спорт кешенінде, Fitnation Astana фитнес клубында, «Толқын» спорт кешенінде, үрлемелі футбол алаңында, сондай-ақ Нұра, Сарыарқа, Алматы және Байқоңыр аудандарында орналасқан дене шынықтыру-сауықтыру кешендері мен хоккей мектебінің аумақтарында жүргізілді.

Экоакцияға спорт саласының жаттықтырушылары, аға жаттықтырушылар және мекеме қызметкерлері белсенді қатысты. Қатысушылар өздеріне бекітілген аумақтарды тазалап, гүлдер мен ағаш көшеттерін отырғызды, топырақ қопсытып, суару жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар ағаштарды әктеу, сырлау және көгалдандыруға дайындық жұмыстары атқарылды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шаралар спорт нысандарының аумағын көркейтіп қана қоймай, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және тазалықты сақтауға үлкен үлес қосады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды