Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Абай облысында белгісіз індеттен ірі қара жаппай қырылуда

Абай облысында белгісіз індеттен ірі қара жаппай қырылып жатыр. Індет бір айдан бері, әсіресе тана-торпаққа қырғидай тиген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасаған Kazlenta.kz

Абыралы өңірінде бір ғана қожалықтың 25 бас сиыры арам қатқан. Тана-торпағынан айырылған тұрғындар қазір шарасыз күйде. Өйткені дертке шалдыққан малдың саны күн өткен сайын көбейіп барады. Тұрғындар мал дәрігерлерінің сынама алу нәтижесінде қойған диагнозымен келіспей отыр. Олардың айтуынша, қызуы көтеріліп, аузы-мұрнынан су аққан сиырлар өздеріне шабуыл жасап жатыр.

"Пастереллез болуы мүмкін емес. Ауырған малдың кейбірі өзімізге шауып жатыр. Міне, айдап келе жатқан сиыр өзімді сүзді. Қолымды сындырды. Басыма да зақым келді. Сегіз күн ауруханада жатып, алдың күні шықтым", - дейді Абыралы ауылының тұрғыны Рымбек Ағыбаев. 

cДегенмен індет тоқтайтын емес. Ал әкімдіктегілер ірі қараның нақты неден арам қатып жатқанын анықтау үшін тиісті орындарға хат жолдадық деп отыр. "Малдарды тексеріп, диагнозын анықтап беруге қатысты хат жаздық. Мал шығыны бар. Енді алдағы күндері жұмыс жасалады.

"Санжар" қожалығындағы ірі қараның неден өлгенін тез арада анықтауымыз керек",- деді Абыралы ауылдық округінің әкімі Ұлан Мұқажанов. Жұрт тана-торпақтарының пастереллез дертінен қырылмағанына сенімді. Сондықтан Нұр-Сұлтаннан арнайы комиссияның келіп, осындағы су мен жайылымнан және малдан сынама алып, кешенді тексерістің жүргізілуін талап етіп отыр. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды
Almaty Marathon-да қайта өңдеуге жіберілетін қалдықтар жиналды
Қала күні мен Дүниежүзілік тазалық күніне орай 50 мыңнан астам алматылық жалпықалалық сенбілікке қатысты
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді