Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада көліктерді эвакуациялау ақылы түрде жүргізіледі

Астанада көліктерді эвакуациялау ақылы түрде жүргізіледі
Фото: Астана қ. әкімдігі

Елордада жол ережесін бұзғаны үшін көлік құралдарын ақылы эвакуациялау жүйесі енгізілді. Бұл шара жол қозғалысының қауіпсіздігін арттыруға және көлік жүктемесін азайтуға бағытталған, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Қалалық жол қозғалысын ұйымдастыру орталығының мәліметінше, бүгіннен бастап Астанада арнайы эвакуаторлар жұмыс істеп, ереже бұзған жүргізушілердің көліктерін коммуналдық тұрақтарға жеткізеді.

Бұл шешім көлік жүйесін кешенді дамыту аясында қабылданған. Себебі дұрыс қойылмаған көліктер жол қозғалысына айтарлықтай кедергі келтіріп, қауіпсіздікке әсер етеді.

Орталық директоры Марат Садуовтың айтуынша, тұрақ және аялдау ережелерін бұзу көшелердің өткізу қабілетін 50 пайызға дейін азайтады. Бұл өз кезегінде кептеліске себеп болып, қозғалысты шектейді.

Бүгінде елордада келіп-кететін көліктерді қоса есептегенде 600 мыңнан астам автокөлік бар. Автоматтандырылған жүйелер күн сайын екі мыңнан астам осындай құқықбұзушылықты тіркейді.

Мәслихат шешіміне сәйкес, ең алдымен жаяу жүргіншілер өткелдерінде, тротуарларда және мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған орындарда дұрыс қойылмаған көліктер эвакуацияланады. Мұндай бұзушылықтар жаяу жүргіншілер мен жүргізушілердің қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді.

Эвакуация адамдар көп шоғырланатын, тыйым салу белгілері орнатылған және қозғалысқа кедергі келтіретін аумақтарда жүргізіледі.

Процесс толық цифрландырылған: арнайы жүйелер құқықбұзушылықты тіркеп, мәліметтерді полицияға жібереді. Кейін көлік иесіне eGov Mobile арқылы хабарлама жолданып, шешім қабылданады. Эвакуация туралы қаулы полиция қызметкері тарапынан цифрлық сервистер арқылы рәсімделеді.

Егер жүргізуші құқықбұзушылықты сол жерде түзесе, көлік эвакуацияланбайды, тек әкімшілік шара қолданылады.

Ал көлігін таппай қалған жүргізушілер 102 немесе 112 нөмірлеріне хабарласып, ақпарат ала алады. Көлікті қайтару үшін полиция департаментінің әкімшілік тәжірибе бөліміне жүгініп, рұқсат алып, арнайы тұрақтан алып кетуі қажет.

Эвакуация құны 3 АЕК-ті құрайды, ал тұрақта сақтау ақысы бөлек төленеді.

Қала тұрғындары мен қонақтары жол қозғалысы ережелерін сақтауы және өзгелерге кедергі келтірмеуі қажет.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады