Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Үкіметте Туризм саласын дамыту мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесінің алғашқы отырысы өтті

Үкіметте Туризм саласын дамыту мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесінің алғашқы отырысы өтті
Фото: primeminister.kz

Премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен Туризм саласын дамыту мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесінің алғашқы отырысы өтті. Кеңес 2026 жылғы сәуірде туризм саласындағы орталық мемлекеттік органдардың, бизнес өкілдері мен сарапшылар қауымдастығының жұмысын үйлестіретін тұрақты ведомствоаралық алаң ретінде құрылған, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Отырысқа Туризм және спорт, Экология және табиғи ресурстар, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерінің, жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ бизнес-қоғамдастықтың өкілдері қатысты.

Үйлестіру кеңесінің басты мақсаты – саладағы жүйелі кедергілерді жою, нақты қолданбалы шешімдер әзірлеу және туризм бағытындағы жобалардың іске асырылуын жеделдету. Кеңестің құрылуы туризм саласын кешенді басқару қажеттілігінен туындап отыр. Өйткені бұл бағыт инфрақұрылым, инвестиция, көлік, экология, визалық-көші-қон реттеуі және цифрландыру сияқты өзара байланысты бірнеше саланы қамтиды.

Жиын барысында туризм және спорт вице-министрі Бауыржан Рапиков Туристік саланы дамытудың 2029 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі жаңартылған іс-қимыл жоспарын таныстырды. Құжатта алты негізгі бағыт бойынша 61 іс-шара қарастырылған. Олардың қатарында инфрақұрылымды дамыту, инвестициялық ахуалды жақсарту, туристік өнімдерді қалыптастыру және саланы ілгерілету мәселелері бар.

Отырыста халықаралық қонақүй брендтерінің Қазақстан нарығындағы үлесін арттыру және еліміздің туристік әлеуетін шетелдік нарықтарда жүйелі түрде ілгерілету мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сонымен қатар автотуризм, ат туризмі, гастрономиялық туризм және MICE-туризм сияқты бағыттарды дамыту, іс-шаралар күнтізбесін жетілдіру және визалық саясатты оңтайландыру мәселелері қаралды.

Бұдан бөлек, аңшылық туризмнің әлеуеті мен оның дамуына кедергі келтіріп отырған факторлар талқыланды. Ұлттық парктердегі экотуризмді дамыту, туристік жүктемені реттеу, сондай-ақ тарихи-мәдени мұра объектілерін туристік айналымға енгізу мәселелері де кеңінен қарастырылды.

Кеңес қорытындысы бойынша Аида Балаева туризмнің ел экономикасын дамытуға тікелей ықпал ететін маңызды салалардың бірі екенін атап өтті. Ол өңірлермен өзара жұмысты күшейтуді, әр облыстың ерекшелігін, туристік әлеуетін және инфрақұрылымдық мүмкіндіктерін ескере отырып, нақты әрі егжей-тегжейлі жоспарлар әзірлеуді тапсырды.

Үкімет басшысының орынбасары археологиялық ескерткіштер мен жекелеген археологиялық аймақтарға айрықша көңіл бөлу қажеттігін де атап өтті.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді