Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жазғы демалыс кезеңінде пойыздар мен әуе рейстерінің саны артады

Жазғы демалыс кезеңінде пойыздар мен әуе рейстерінің саны артады
Фото: ҚР Көлік министрлігі

Қазақстанда жазғы демалыс және мектеп каникулы кезеңінде көлік қатынасының қолжетімділігін арттыру бойынша қосымша шаралар қабылдануда. Жолаушылар сұранысының артуына байланысты ҚР Көлік министрлігі көлік компанияларымен бірлесіп сұранысқа ие туристік бағыттар бойынша теміржол маршруттары мен әуе рейстерінің санын көбейтуде, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Көлік министрлігіне сілтеме жасап.

Теміржол тасымалы

2026 жылдың жазғы маусымында 15 қосымша теміржол маршруты ұйымдастырылады. Қосымша пойыздар 2026 жылғы 16 маусымнан бастап қатынай бастайды.

Бағыттар қатарында Астана, Алматы, Қарағанды, Ақтөбе, Семей, Өскемен, Қызылорда және Павлодар қалаларынан Достық пен Балқаш секілді туристік және курорттық аймақтарға қатынайтын пойыздар бар.

Аталған шаралар жазғы кезеңде пойыздарда шамамен 550 мың қосымша орын ашуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, жолаушылар ағынының артуына қарай қолданыстағы пойыз құрамдары кезең-кезеңімен ұлғайтылатын болады. Жазғы маусымда пойыз құрамдары орта есеппен 19–21 вагонға дейін көбейеді. Ал маусымаралық кезеңде бұл көрсеткіш 13–15 вагонды құрайды.

Сондай-ақ 2026 жылғы 1 маусымнан бастап Қарағанды – Балқаш бағыты бойынша №219/220 жолаушылар пойызы іске қосылады.

Әуе тасымалы

2026 жылдың маусым-тамыз айлары аралығында Астана – Балқаш, Үржар, Үшарал және Алматы – Балқаш, Үржар, Үшарал бағыттары бойынша аптасына 7 рейске дейін қосымша әуе рейстері ашылады.

Аталған бағыттар бойынша әуе билеттерінің құны әлеуметтік қолжетімді деңгейде сақталады — 16 мыңнан 20 мың теңгеге дейін. Бұл көптеген отбасыларға еліміздің туристік аймақтарында жазғы демалысты қолжетімді ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Жалпы, 2026 жылы Қазақстанда аптасына 813 рейс жиілігімен 60 ішкі әуе бағыты бойынша тұрақты рейстер орындалады.

Тұрақты әуе маршруттарын субсидиялау бағдарламасы аясында 24 бағытты, оның ішінде 16 туристік бағытты қолдауға 6,4 млрд теңге көлемінде қаржы қарастырылған.

Қабылданып жатқан шаралар ішкі туризмді дамытуға, өңірлердің көлік қолжетімділігін арттыруға және жазғы демалыс кезеңінде азаматтардың жайлы әрі қауіпсіз сапар жасауына қосымша мүмкіндік береді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді