Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы облысында 20 мыңнан астам түлекке соңғы қоңырау соғылды

Алматы облысында 20 мыңнан астам түлекке соңғы қоңырау соғылды
Фото: Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін еліміздің білім ошақтарында соңғы қоңырау үні естіліп, түлектер өмірінің үлкен бір белесін артта қалдырды. Алматы облысында да соңғы қоңырау салтанаты талапқа сай, жоғары деңгейде өткізілді. Айтулы шараның бірі Қонаев қаласындағы орта мектеп гимназиясында ұйымдастырылды. Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев те әсерлі сәттің куәсі болып, жас түлектерге сәт сапар тіледі, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазіргі таңда өңірдегі 497 жалпы білім беретін мектепте 379 мыңнан астам оқушы білім алуда. Мектеп бітіруші түлектер саны – 20 109. Оның ішінде «Алтын белгіге» үміткерлер саны – 1 844 болса, «Үздік аттестат» үміткерлері – 1680 оқушы. Күні кеше Еңбекшіқазақ ауданы М.Горький атындағы орта мектептің түлегі Әли Лоян 140 балл жинап, облыстың мақтанышына айналды. Бұл аймақтағы білім сапасының және оқушылардың үлгерімінің жоғары екенін дәлелдейді.

Аймақ басшысы өз сөзінде жас түлектерге үлкен үміт артатынын айтып, алдағы сынақтан сүрінбей өтулерін тіледі. 

«Баршаңызды бүгінгі мектеп өмірінің ең маңызды мерекесі – оқу жылының аяқталу күнімен құттықтаймын! Бұл күн – он бір жыл бойы білім нәрімен сусындаған шәкірттердің балалық шақпен қоштасып, үлкен өмірге жолдама алатын ерекше сәті. Алтын ұя мектептеріңізден алған терең білім мен тағылымды тәрбие – болашақта биік белестерді бағындыруға негіз болары сөзсіз», – деді облыс әкімі.  

Сондай-ақ Алматы облысы дарынды, білімді және жігерлі жастардың мекені екенін айтып, соңғы үш жылдағы жетістіктерге тоқталды. Айтуынша, биыл ауыл мектептерінің оқушыларына арналған республикалық олимпиадада 34 оқушы жүлделі орынды, жаратылыстану-математикалы бағыт бойынша І орынды жеңіп алып, «Ең үздік олимпиадалық команда» атағына ие болған. Жас дарындар соңғы үш жыл қатарынан қос бағыт бойынша І және ІІ орындарды еншілеп, өңір абыройын асқақтатып келеді. Сонымен қатар Президент бастамасымен қолға алынған «Келешек мектебі» ұлттық жобасы аясында соңғы 3 жылда 26 мектеп бой көтеріп, қолданысқа берілді. Аталған мектептерде сапалы білім алу үшін барлық жағдай қарастырылған. Соңғы үлгіде жабдықталған кабинеттер, ерекше балаларға арналған инклюзивті білім орталығы, шеберхана, кітапхана, робототехника, STEM және модификациялы кабинеттер оқушылардың игілігіне қызмет етуде.

«Қымбатты жас түлектер, алдарыңда жаңа өмір белесі, үлкен мүмкіндіктер мен зор жауапкершілік кезеңі тұр.  Қай жерде жүрсеңдер де, қандай биікті бағындырсаңдар да, әрдайым табыстың кілті – еңбекте, білімде және өз отбасыңа, Отаныңа деген құрметте екенін естен шығармаңдар», – деген Марат Елеусізұлы мұғалімдер мен ата-аналардың да елеулі еңбегін ерекше атап өтті.

Шара барысында жас түлектер білімнің терең қойнауына бойлатқан ұстаздарына алғыс айтып, мектептегі қоңырау үнін соңғы рет қимастықпен күмбірлетті. Қоштасу вальсін билеп, білім ордасына арнап ән шырқады.

«Барлық түлектерді жаңа өмірге қанат қағуымен құттықтаймын. Өмірлік бағыт-бағдар көрсетіп, шамшырақ бола білген мұғалімдерге алғысым шексіз.  Қазіргі таңда ҰБТ-ға қызу дайындалып жатырмыз. Физика-математика бағытын таңдап, инженерия саласында білім алғым келеді. Болашақта алған білімімді еліміздің, оның ішінде Алматы облысының гүлденіп-көркеюіне арнағым келеді», – деді жас түлек Нұрдана Мұқаш.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді