Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда 100 мыңнан астам оқушыны қамтитын жол қауіпсіздігі жобасы жүзеге асырылуда

Алматыда 100 мыңнан астам оқушыны қамтитын жол қауіпсіздігі жобасы жүзеге асырылуда
Фото: polisia.kz

Алматыда 100 мыңнан астам оқушыны қамтитын жол қауіпсіздігі жобасы жүзеге асырылуда, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматы қаласының Наурызбай ауданындағы №221 жалпы білім беретін мектеп базасында "Балалар және жол: қауіпсіздік аумағы" жобасы аясында "Жол және қауіпсіздік аймағы" атты оқу-жаттығу іс-шарасы ұйымдастырылды. Аталған бастаманы Алматы қаласының прокуратурасы, әкімшілік полиция басқармасы, Алматы қаласы полиция департаментінің қоғамдық қауіпсіздік басқармасы және білім басқармасы бірлесіп өткізді. Жобаның негізгі мақсаты — өскелең ұрпақ арасында жолдағы қауіпсіз жүріс-тұрыс мәдениетін қалыптастыру, жол-көлік оқиғаларының алдын алу және балалардың өмір қауіпсіздігіне қатысты білім деңгейін арттыру.

Жоба аясында Алматы қаласындағы 100 мыңнан астам оқушыны қамту көзделіп отыр. Алдағы уақытта бұл тәжірибені республика көлемінде енгізу жоспарлануда. Іс-шара барысында оқушыларға тәжірибелік форматтағы сабақтар өткізілді. Онда жаяу жүргіншілерге арналған қауіпсіздік ережелері түсіндіріліп, жолдағы түрлі жағдайларға байланысты мысалдар талданды. Сонымен қатар төтенше жағдайлар кезіндегі әрекет ету алгоритмдері көрсетіліп, алғашқы медициналық көмек көрсету тәсілдері таныстырылды. Оқу-жаттығуға құқық қорғау органдарының қызметкерлері, білім саласының мамандары, оқушылар мен ата-аналар қатысты. "Балалар және жол: қауіпсіздік аумағы" жобасы — балалар қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ жол қозғалысына қатысушылардың жауапкершілігін арттыруға бағытталған мемлекеттік органдардың жүйелі жұмысының маңызды бөлігі.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді