Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Атырауда дала өртінің салдарынан 10 гектар жер өртеніп кетті

Атырау облысындағы Индербор кентінен 3 шақырым қашықтықта дала өрті болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аймақтағы Төтенше жағдай департаментінен хабарланғандай, өрт төрт сағаттан астам уақытқа созылған. Ауа райының шамадан тыс ыстық болуы, онсыз да қурап тұрған өсімдіктердің тез жануына себепші болды.

«Ыстық күнде өртті бірден өшіру мүмкін болмады. Дегенмен аудандағы барлық мекемелердің ұйымшылдығы арқасында жалынның бетін қайтардық. Сағат 14.00-де басталған дала өртін 18.23-те толық өшіріп болдық. 10 гектар жер күлге айналды», - дейді Индер аудандық ТЖ бөлімінің басшысы Ержан Нұрланов.

Жалын Индер желілік өндірістік басқармасына қарасты «Орталық Азия» газ құбырына, орманға жақын болғандықтан, оған жеткізбей өшіруге күш салынған. ТЖ қызметкерлеріне орманшылар мен газшылар техника, адам күшімен көмектескен. Өрттің шығу себептері анықталуда.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды
Almaty Marathon-да қайта өңдеуге жіберілетін қалдықтар жиналды
Қала күні мен Дүниежүзілік тазалық күніне орай 50 мыңнан астам алматылық жалпықалалық сенбілікке қатысты
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді