Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Солтүстік-Қазақстан облысында отты абайсыз пайдалану қайғылы жағдайға алып келді

Отты абайсыз пайдалану өрттің пайда болуының ең көп тараған себебі болып табылады. 2020 жылғы 29 тамызда сағат 04.01-де Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД «112» пультіне Есіл ауданының Ильинка ауылында тұрғын үй өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды kazlenta.kz.


Сағат 04.03-те оқиға орнына күштер мен құралдар: АЦ-6-40 (4320) техникасымен  Есіл ауданы Явленка ауылы 10-өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамынан 4 адам жіберілді.


Оқиға орнына сағат 05.04-те (арақашықтығы 42 шақырым) өрт сөндіру жасағы келген кезде тұрғын үйдің, жабық ауланың, моншаның және шаруашылық құрылыстың толығымен отқа оранғаны, сондай-ақ өрт сөндіру бөлімшесі келгенге дейін үйдің шатыры мен жабыны құлағаны анықталды, сол жерде «Ильинское» ЖШС өрт сөндіру бекетінің  ГАЗ-53 АЦ және 2 бірлік бөшкелері бар МТЗ-80 жұмыс істеді.


Куәгерлердің айтуынша, үйдің ішінде адамдар болған.


Өртті сөндіру барысында 1969 және 1992 жылдары туған ер адамдар, 1969 жылы туған әйел адам, 2016 жылы туған баланың күйген денелері табылды.


Өрттің шығу себебі мен шығыны анықталуда.


 

Су жеткізу өрт орнынан 3 шақырым қашықтықта орналасқан су айдынынан және табиғи су айдынынан ерікті өртке қарсы құралыммен жүзеге асырылды.


Өрт сағат 05.47-де ауыздықталып, сағат 07.18-де сөндірілді.


Өрттің жалпы ауданы 188 шаршы метрді құрады.


Өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар департаментінен, жергілікті атқарушы органдардан 13 адам мен 4 техника жұмылдырылды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартты
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Ұлытау облысында бақшасына есірткі өсірген тұрғын анықталды
Мультимедиа
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақылауда
Теңге дизайны өзгерді
Әлихан Смайылов IV Азия Пара ойындарының жеңімпаздары және жүлдегерлерімен кездесті