Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алакөлде алапат өрттен 4 демалыс базасы жанып кетті

4 шілде күні сағат 23:20-да Абай облысы Үржар ауданы Алакөл көліндегі демалыс базаларының бірінде өрт шықты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасаған Kazlenta.kz

ТЖМ мәліметінше, қатты соққан желден демалыс базасы мен көршілес тұрған база әп-сәтте отқа оранды. Сондай-ақ құрғақ шөп те жанған. Демалушылар өз бетінше үйлерден кеткен. Ал полицияның жеке құрамы жақын маңдағы базаларды қоршауға алған.

ШҚО ТЖД ақпаратынша, өрт сөндірушілердің, жергілікті атқарушы органдардың, полиция қызметкерлерінің және халықтың бірлескен күшімен өрт 5 шілдеде сағат 5:40-та сөнідірлген. Алдын ала дерек бойынша өрт 4 демалыс базасына зақым келтіріп, 3000 шаршы метр аумақты шарпыған. Қызыл жалынды сөндіруге ЖАО, ШҚО ТЖД, ПД, Тарбағатай ұлттық паркі және Алматы облысы ТЖД 186 адам мен 29 техника жұмылдырылды.

"Өрт бірден бір ағаш үйден екіншісіне тарала бастады. Өрт сөндірушілердің және өртті сөндіруге қатысқандардың сауатты және жедел әрекеттерінің арқасында өрт тоқтатылды. 7 адам медициналық көмекке жүгінді, тексеруден кейін және алғашқы көмек көрсеткеннен кейін ауруханаға жатқызудың қажеті жоқ екендігін анықталды", - делінген ШҚО ТЖД баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
 
Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталуда. Оқиға орнында жедел штаб құрылып, жұмыс істеп жатыр. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады