Business.enbek.kz порталында 8 тамыздан бастап бизнес-идеяларды іске асыру үшін грант алуға өтінім қабылдау басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат-қа сілтеме жасаған Kazlenta.kzМемлекеттік грант – нысаналы мақсаты жаңа бизнесті іске қосу және дамыту болып табылатын өтеусіз берілген бастапқы капитал. Грант көлемі - 400 АЕК (1 225 200 теңге). Әр қатысушы оны тек бір рет ала алады. Грант қаражаты ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге өздерінің бизнес-әлеуетін ашуға, өндірісті жолға қоюға және дамытуға, сол арқылы өзін тұрақты табыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Үміткердің «Бастау бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту туралы 3 жылдан аспайтын мерзімге сертификаты болуы тиіс. Рәсімдердің ашықтығын қамтамасыз ету, адами факторды азайту, өтініш берушілерге ыңғайлы болу үшін грант берудің бүкіл процесі электронды форматқа ауыстырылды.Грант алуға өтінім қабылдау бірыңғай терезе – «Business.enbek.kz» порталы арқылы жүзеге асады. Грантпен қажетті құрал-саймандарды, еңбек құралдарын, технологиялық жабдықтар, мал, жануарлар, құс, көшет, бұта, тұқым сатып алуға, орынжайды жалға алу ақысын төлеуге алуға болады. Грант қаржысымен тұтынушылық мақсатқа, кредитті өтеуге, жылжымайтын тұрғын үй сатып алуға және салуға, жер учаскесін сатып алуға, акцизделетін өнімдер өндіруге болмайды. Грант халықты жұмыспен қамту орталықтары грант алуға үміткерлердің өтініштерін қарау жөніндегі аудандық/қалалық комиссияның шешімімен беріледі. Үміткерлер өз бизнес-жобасын комиссия отырысында таныстырады.
Бұл ретте комиссияның әр мүшесі бизнес-жоспарды бағалайды және бағалау парағын мынадай өлшемшарттар бойынша толтырады: бизнес-идеяның бәсекеге қабілеті, өткізу нарықтарының пысықталуы, бизнес-жобаның қаржылық өміршеңдігі, кәсіпкерлік дағдылардың деңгейі, жаңа жұмыс орындарын құру. Осылайша, грант беру туралы шешім комиссиялық түрде және үміткерлердің бизнес-жобаларының пысықталуын бағалаудың нақты өлшемшарттары негізінде қабылданады. Комиссия шешімі үміткердің порталдағы жеке кабинетіне жіберіледі. Комиссияның оң шешімі болған жағдайда үміткер банк деректемелерін ұсынады, шартқа қол қояды және одан әрі тоқсан сайын қаражаттың пайдаланылуы туралы есеп береді. Мұның бәрі халықты жұмыспен қамту орталықтарына бармай-ақ, электрондық форматта жасалады.
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно