Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы облысының жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту орталығы тұрғындарға жаңа мүмкіндіктер ұсынуда

Бүгінде ел тұрғындарын әлеуметтік қолдауға, кәсіпкерлікпен айналысуға барлық жағдай жасалған. Өткен жылдан бері пандемия уақытында жұмыссыздықтан зардап шеккен халыққа мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау көп. Бұл қолдау отандық тауар өндірушінің аяғынан нық тұруымен қатар бұрыннан бар жұмыс орындарының жабылмай, сақталуына сеп болып келеді, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Әсіресе, нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың «Еңбек» бағдарламасы да талай жанның кәсібін ашып, нәсіп табуына, жаңа жұмыс орындарына орналасуға мүмкіндік беруде. Алматы облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметінше, ағымдағы жылы аймағымызда аталған бағдарламаны  іске асыру үшін 18,9 млрд. теңге қарастырылған.

Айталық, бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде 4087 адамды кәсіптік оқытуға 2671,2 млн. теңге бөлінсе, оның ішінде 15 пен 24 жас аралығындағы 1535 жасты  кәсіптік техникалық оқытуға, орта жастағы 2552 адамды еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер мен дағдылар бойынша және жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша жұмысшы кадрларды даярлау үшін қысқа мерзімді оқытуға жіберілген. Бүгінгі таңда 2457 адам оқуға жіберіліп, 1391-і оқуын аяқтап, 893 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.

Бағдарламаның екінші бағыты шеңберінде 5425,4 млн. теңге бөлініп, 1542 адамға 4420,9 млн.теңге шағын несие беру жоспарланған. Оның ішінде  ауылды жерлердегі 1517 әлеуетті қатысушыларға 4181,7 млн. теңге, қалалардағы 25 әлеуетті қатысушыларға 239,2 млн. теңге шағын несие беру қарастырылған.   Бүгінгі таңда 669 адам 3109,4 млн. теңге сомасына шағын несие алды. Жаңа бизнес идеяларды іске асыру үшін 1550 адамға 904,5 млн. теңгеге грант беру қарастырылса, бүгінгі күні  1228 адамға 200 АЕК мөлшерінде 716,4  млн. теңгеге грант берілді.

Бағдарламаның үшінші бағыты шеңберінде 10788,2 млн. теңге бөлініп, тұрғындарды әлеуметтік жұмыс орнына, жастар практикасына, қоғамдық, ақпараттық жұмыстарға орналастыру бағытында игерілуде. Бүгінгі күні 29778 адам жұмысқа орналастырылса, оның 13667-сі тұрақты қызметте.

Мемлекеттік бағдарламалар аясында шағын және орта кәсіпкерлікті қаржыландыру, жұмыссыздарға қолдау таныту, жастарды мамандығы бойынша жұмысқа орналастыру бағытында да жақсы бастамалар мол.  Яғни, тұрғындарға төмен пайызбен ұзақ мерзімге несие беріліп, пайыздық мөлшерлемелері субсидияланып, банк талап еткен кепілзат жетпеген жағдайда кепілдік ұсынылуда.

Ашығын айтқанда, мемлекет тарапынан жастар кәсіпкерлігін мемлекеттік қолдау жеткілікті. Инновациялық та, әлеуметтік те жобаларды қолдаудың сан түрлі жолы бар.  Кәсіпкерліктен кемелді жол табу азаматтардың сауаттылығы мен іскерлігі, еңбексүйгіштігімен тікелей қатысты. Халқымызда: «Жас келсе іске» деген нақыл бар. Бүгінгі жастар қолданылмалы техниканы толық біледі, инновациялық бағытта жұмыс істей алады, қолға алған әр бастамасынан үлкен нәтиже шығаруға күш-қуаты жетерлік. Сондықтан екі қолға бір күрек таба алмай жүрген азаматтар шағын және орта кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік бағдарламаларын тереңірек зерделеп, бизнес бастаудың жолдарын үйреніп, оны нәтижелі іске асырса, алынбайтын қамал жоқ. Ал жастардың жаңашыл идеялары айналып келіп ел экономикасын өркендетуге ықпал ететін болады.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді