Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

«Almaty Business-2025» аясында 8 млрд теңгеге 40-тан астам жобаның қаржыландырылуы мақұлданды

Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Almaty business 2025» бағдарламасы аясында кәсіпкерлерге қаржылай қолдау көрсету шаралары туралы брифинг өтті. Бұған дейін әкім Бақытжан Сағынтаевтың бастамасымен бизнесті қолдаудың өңірлік бағдарламасы аясында «Almaty Finance» несиелік ұйымы құрылған болатын.

Брифингте «Almaty Finance» ЖШС Басқарма төрағасының орынбасары Заңғар Сәлімбаев «Almaty Finance» компаниясы 8,3 млрд тг сомаға 42 жобаның қаржыландырылуын мақұлдағанын хабарлады. Оның ішінде 26 жоба 6,8 млрд тг көлемінде қаржыландырылды. 800 млн тг сомасындағы жобалар егжей-тегжейлі пысықталуда. Жобаларды іске асыру жүзден астам жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

«Almaty Finance» компаниясы (Алматы қаласы әкімдігінің ведомстволық бағынысты құрылымы) 8,3 млрд тег сомаға 42 жобаның қаржыландырылуын мақұлдады. Оның ішінде 26 жоба 6,8 млрд тг көлемінде қаржыландырылды. 800 млн тг сомасындағы жобалар егжей-тегжейлі пысықталуда. Жобаларды іске асыру жүзден астам жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

Несие қаражаты түрлі салалардағы жобаларды іске асыруға бағытталған. Олардың қатарында мыңнан астам түрлі зерттеулер жүргізуге қабілетті жаңа зертхана ашу, кофе дәндерін қуыру цехын құру, тігін цехын іске қосу, жиһаз және жиһаз фурнитурасын, металл бұйымдарын, кеңсе тауарларын, гигиеналық құралдарды өндіру, өнеркәсіптік парк салу, сондай-ақ, IT-индустрия саласындағы жобалар: электрондық төлемдер мен процессингтік қызметтерді ұйымдастыру, үш компонентті интеграцияланған жүйені құру және т. б. бар.

Берілген қарыздардың ең көп саны жеңіл өнеркәсіп жобаларына — 6 жоба, жиһаз өнеркәсібі — 5 жоба, денсаулық сақтау — 4 жоба, білім беру және спорт — 2 жоба. Осы салалардағы жобаларды іске асыру үшін берілген қарыздар сомасы шамамен 6 млрд тг құрайды.

Естеріңізге сала кетейік, «Almaty Finance» компаниясы «Almaty Business 2025» кәсіпкерлікті дамытудың өңірлік бағдарламасы аясында 2019 жылы құрылған болатын. Компания тек Алматы қаласында тіркелген ісін жаңа бастаған және жұмыс істеп тұрған бизнесті қаржыландырады. Несиелеу жылдық 2%-бен теңгемен беріледі — өнеркәсіптік паркте бизнесті іске асыратындар үшін максималды қарыз сомасы 70 млн тг; және 6% — бизнестің қалған бағыттары үшін 500 млн тг дейінгі несиелеу лимитімен. Несие беру мерзімі — жеті жылға дейін, нысаналы мақсаты — айналым қаражатын толықтыру және инвестициялық мақсаттар.

«Almaty Business 2025» кәсіпкерлікті дамытудың өңірлік бағдарламасы бизнесті жүргізу үшін қолайлы жағдайлар жасауға, қаржыландырудың қолжетімділігін арттыруға, әкімшілік кедергілерді азайтуға, ШОБ инфрақұрылымын дамытуға, оқытуға, кәсіпкерлерді қолдауға және инвесторларды тартуға бағытталған. Бағдарлама аясында «Qoldaý» кәсіпкерлік орталығы, «Almaty Finance» және «Almaty» микроқаржы ұйымы құрылды.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Димаш Құдайберген аты аңызға айналған опера әншісімен бірге ән айтты
Әлем жұлдыздары Астанада өткен Қысқы қайырымдылық балын қолдады
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясын өткізді
Олжас Бектенов Nazarbayev University ғылыми әзірлемелерімен танысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Әзербайжанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің бірінші отырысына қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақтың ойындары» халықаралық турнирінің ашылу рәсіміне қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттік жастар кадр резервінің форумына қатысты