Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Теміржан Әбдірахманов «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды

Директорлар кеңесінің шешімімен Теміржан Қайратұлы Әбдірахманов «Қазақстан инжиниринг» ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы лауазымына тағайындалды. Мұхтар Жұмағазыұлы Керейбаев «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ басқарма төрағасы қызметінен босатылды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі хабарлайды.

Темірхан Әбдірахманов 1987 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.

Мәскеу мемлекеттік Халықаралық қатынастар институтын, Нархоз университетін, Ұлттық зерттеу ядролық университетін бітірген.

Еңбек жолын 2008 жылы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Халықаралық жобалар және ынтымақтастық басқармасының менеджері қызметінен бастаған.

2010-2015 жылдары — ОҚО, «АППАК» ЖШС (Қазатомөнеркәсіп) түрлі лауазымдарда жұмыс істеді.

2015-2017 жылдары — «Волковгеология» АҚ (Қазатомөнеркәсіп) стратегиялық даму, маркетинг және инновациялар департаментінің директоры.

2017-2020 жылдары — «Самұрық-Қазына Контракт» АҚ бас директорының орынбасары.

2020 жылғы маусымнан бастап қазіргі уақытқа дейін «Самұрық-Қазына Бизнес Сервис» АҚ бас директорының орынбасары болды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты