Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы облысында туристерді тонау дерегі ашылды (видео)

Екі саяхатшыға күш көрсетіп, ақшасын тартып алған белгісіз адамдар қамалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.


9 маусымында Еңбекшіқазақ аудандық полиция басқармасының Шелек полиция бөлімінің кезекші бөліміне Шарын шатқалының сұлулығын көруге велосипедтерімен барған Алматы қаласының 47 және 20 жастағы интернет қоғамдастығының саяхатшылары, Қазақстан ауылында “Алматы-Көкпек-Көктал” автожолының 76 шақырымында оларға белгісіз екі ер адамның шабуыл жасалғаны туралы арызданған.


Олар ашық түрде күш қолдану арқылы саяхатшылардың бірінің 13 мың теңге көлеміндегі ақшасын қолды қылып, екіншісінің тізесіне жарақат келтіре отырып, соққыға жыққан. Алған жарақат салдарынан саяхат соңына жетпеген. Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы 2-бөлігі 1,2-тармағы бойынша тіркелді.



Полиция қызметкерлері тез арада іздестіру жұмыстарын жүргізіп, ұйымдасқан жұмыстың қорытындысында 27 және 30 жастағы Бәйдібек би ауылының екі тұрғынын ұстады. Олар ұсынылған дәлелдемелерден кейін өздерінің кінәсін толық мойындады. Күдіктілер уақытша ұстау оқшаулағышына қамаққа алынды.


– Сотқа дейінгі тергеу Шелек полиция бөлімінің тәжірибелі тергеушісіне тапсырылды, ол бір тәулік ішінде сараптама тағайындап, барлық тергеу әрекеттерін жүргізді. Ұсталғандарға мүлкi тәркiленiп, үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қолданылуы мүмкін, – деп атап өтті Еңбекшіқазақ АПБ Шелек полиция бөлімі бастығының орынбасары Дидар Базарбаев.

<!--more-->

Күдіктілер қылмыс жасаудың қосалқы құралы ретінде қолданған “Ваз 21014” маркалы автокөлігі сот шешіміне дейін арнайы тұраққа қойылды. Іс материалдары сотқа жіберілетін болады.


Фото: Polisia.kz
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты