Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы облысында өз баласын қорғамақ болған аю адамды талап өлтірді

 

Алматы облысында өз баласын қорғамақ болған аю балық аулауға барған адамды талап өлтірді, Polisia.kz-ке сілтеме жасап kazlenta.kz деп хабарлайды.


Қайғылы оқиға 30 мамыр күні сағат 06.25 шамасында Алматы облысы Алакөл ауданының тауларында орын алды. Аю 1979 жылғы Ресей Федерациясының азаматына шабуыл жасаған. Аталған дерек сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне оқыс оқиға ретінде тіркелді.

<!--more-->

– Куәгерлердің айтуы бойынша, қайтыс болған адам туыстарына демалуға келген Лепсинск ауылының тумасы. 28 мамыр күні оқыс оқиғаға тап болған ер адам “Лайка” тұқымды иттімен және үш танысымен бірге атпен Лепсі өзеніне балық аулауға барған. 30 мамыр күні, үйге қайтып келе жатып, жолаушылар алты шақырымға жуық жол жүрген. Сол сәтте ит аюдың қонжықтарын байқап оны қуған. Итті борсықтың ізіне түсті деп ойлаған атты жолаушы соңдарынан ерген. Ағаштардың өсіндісіне жүгіріп кеткен ит, бір мезетте қатты ұлыған. Қаза болған адам итіне көмектеспек болып ағаш өсінділеріне кіріпті. Біраз уақыт өте ер адамның қатты дауысы естілген. Сол сәтте бұталарды сындыра өсінді арасынан, жылқы мен адамдарды қорқыта аю шығып, орманға қарай қашқан. Қаза болған адамның достары оның денесін көптеген сынықтар мен жарақаттары бар, өмір белгілерінсіз тапқан, зақымданулар иттен де табылған, – дейді Алакөл аудандық Полиция бөлімінің басшысы Қуат Оспанов.

<!--more-->

Полицейлер көктемгі кезеңде аюлар өз қонжықтарын қорғау мақсатында агрессивті болатындығын және осыған байланысты сақтық шараларын сақтау қажеттілігін ескертті. Адамға шабуыл жасауға итермелеген себеп ретінде аюдың қонжығын қорғамақ болғанына байланысты, аю атылмайды.


Фото: Polisia.kz
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Ұлытау облысында бақшасына есірткі өсірген тұрғын анықталды
Марат Қарабаев Ұлытау облысының даму жоспарымен танысты
Димаш өзінің Stranger әлемдік турына кәсіби бишілерді іздеп жатыр
Мультимедиа
Мемлекет басшысы БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттары жөніндегі саммитіне қатысты
Қазақстанда ҰҚШҰ-ға қатысушы мемлекеттердің халықаралық есірткіге қарсы операциясы аяқталды
Қазақстанда күзгі шақыру науқаны басталды
Мемлекет басшысы «ЭКСПО Орталық Азия – 2023» көрмесіне барды
Қосқұдық ауылында мектеп ашылды