Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Президент бірқатар облыс әкімдерін қабылдады

Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БҚО, СҚО, Павлодар және Қостанай облыстарының әкімдерін қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Өз кезегінде, Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев президентке өңірдің биылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері туралы баяндаған. Сондай-ақ инвестициялық жобалардың және Жұмыспен қамту жол картасының жүзеге асырылу барысы туралы мәлімет берген. Ал күні кеше Павлодар облысының әкімі болып тағайындалған Асайын Байханов Екібастұз ЖЭС-інің жылу желілеріндегі апаттың салдарын жоюға бағытталған шаралар жөнінде есеп берген. Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов президент қабылдауда.

Айтуынша, Екібастұз қаласының жылу жүйесін қалпына келтіру жұмыстары 15 желтоқсанға дейін аяқталады. Сондай-ақ Асайын Байханов кездесу барысында облыстың негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері және ауыл шаруашылығын дамыту, ауыл халқын сапалы ауызсумен қамтамасыз ету, көлік инфрақұрылымы мен тұрғын үй құрылысын дамыту жөніндегі тапсырмалардың орындалу барысы туралы баяндаған. Бұдан кейін мемлекет басшысының қабылдауында Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Айдарбек Сапаров болды. Ол өңірді дамыту жоспары мен берілген тапсырмалардың орындалуы жөнінде мәлімет берді. СҚО әкімі Айдарбек Сапаров президент қабылдауында.

Сонымен бірге, Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов та есеп берді. Ол қазіргі әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері туралы есеп беріп, өңірдегі әлеуметтік-экономикалық өсім мен инвестиция тарту жөнінде баяндады. Сонымен қатар әкім Президентке Қостанайда өтетін ХІХ өңіраралық форумға дайындықтың басталғанын жеткізді. Мемлекет басшысы жаңадан тағайындалған облыстардың әкімдеріне өңірлерді дамыту және тұрғындардың әл-ауқатын арттыру жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді. Сондай-ақ ауыл шаруашылығына жан-жақты қолдау көрсету арқылы ауылдардың өркендеуін қамтамасыз етуді, инфрақұрылымдарды жаңғыртып, көлік-логистикалық ахуалды жақсартуды тапсырды.  скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
64 комментария
  • Conrad
  • 09-11-2026, 01:03
  • : 01:03
References: VIP idebit casinos top idebit casinos
  • Ervin
  • 09-11-2026, 06:52
  • : 06:52
References: Paysafecard withdrawal casino canada pay with paysafecard casino canada
  • Kerri
  • 09-11-2026, 07:27
  • : 07:27
References: E wallet casino australia real money online pokies payid deposit
  • Rachel
  • 09-11-2026, 16:53
  • : 16:53
References: Online pokies aus australian online pokies payid
«Заманауи, таза әрі жанға жайлы»: Валерий Меладзе Астана өзін қалай баурап алғанын айтты
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды