Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Мемлекет басшысы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевті қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының биылғы 9 айдағы қорытындылары туралы баяндалды. Өмірзақ Шөкеевтің айтуынша, облыста сауда, ауыл шаруашылығы, құрылыс, инвестиция, шағын және орта бизнес салаларында өсім бар. Облыс өңірлік жалпы өнімнің көрсеткіші бойынша республикада екінші орынға шыққан, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Мемлекет басшысына облыстағы эпидемиологиялық ахуал туралы мәлімет берілді. Жалпы коронавирус індеті басталғалы бері өңірде 14 645 адам вирус жұқтырған. Бұл – облыс тұрғындарының 1,6 пайызы. Қазір аймақтағы азаматтардың 97,8 пайызы вакцинаның бірінші компонентін алған.

Сондай-ақ Өмірзақ Шөкеев Түркістан қаласын таза сумен қамтамасыз ету жұмыстары бойынша есеп берді. Облыс орталығының маңындағы 4 қайнар көзі ауызсумен қамтамасыз етуге артығымен мүмкіндік берген. Президентке қазіргі уақытта өңірдегі ағын су тапшылығы мәселесін шешуге бағытталған жұмыстар туралы баяндалды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысында атқарылып жатқан жұмыстарға оң баға берді.

Мемлекет басшысы сумен қамтамасыз ету жұмыстарын және аймақтағы өзге де қолға алынған жобаларды кезең-кезеңімен, уақтылы жүргізіп, тиянақты аяқтауды тапсырды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартты
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Ұлытау облысында бақшасына есірткі өсірген тұрғын анықталды
Мультимедиа
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақылауда
Теңге дизайны өзгерді
Әлихан Смайылов IV Азия Пара ойындарының жеңімпаздары және жүлдегерлерімен кездесті