Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жамбыл облысында желатин өндіретін зауыт салынуда

Жамбыл облысында желатин өндіретін зауыт салынуда
Фото: ҚР АШМ баспасөз қызметі

Жамбыл облысында желатин, пептон, коллаген және өзге де ақуыз өнімдерін өндіретін жаңа зауыт салынуда, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құны 5 млрд теңге болатын инвестициялық жобаны «Taraz Gelatin» ЖШС жүзеге асырып жатыр. Кәсіпорын 8 гектар аумаққа орналастырылады. Зауытты 2026 жылдың IV тоқсанында іске қосу жоспарланған.

Кәсіпорын жылына 3 мың тоннаға дейін тағамдық желатин және 1 мың тоннаға дейін пептон, коллаген мен басқа да ақуыз өнімдерін өндіре алады.

Қазір зауыт құрылысының шамамен 80 пайызы аяқталған. Негізгі құрылыс-монтаж жұмыстары тәмамдалып, технологиялық жабдықтардың барлығы дерлік орнатылды. Қазіргі таңда өндірісті іске қосып, жабдықтарды сынақтан өткізуге дайындық жүріп жатыр.

Инвестор болашақ кәсіпорынды қажетті шикізатпен қамтамасыз ету мәселесін де қатар шешуде. Өндірістің негізгі шикізаты – ірі қара малдың терісі. Осы мақсатта «Taraz Gelatin» Алматы, Семей, Тараз және Арқалық қалаларындағы ет өңдеу кәсіпорындарымен келісім жасап, 40 тонна ірі қара терісін жеткізу бойынша алдын ала шарттарға қол қойған.

Жобаның іске асырылуы мал шаруашылығы өнімдерін терең өңдеуге жол ашып, қосылған құны жоғары отандық өнім өндірісін арттыруға мүмкіндік береді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
62 комментария
  • Tresa
  • 09-11-2026, 09:35
  • : 09:35
References: Paysafecard casino canada minimum deposit paysafecard casino canada
  • Elwood
  • 21-11-2026, 16:24
  • : 16:24
While some payment methods are excluded from bonuses, it doesn’t seem that this is typically the case for PayID. If you care more about simplicity and minimum deposit accessibility, Wild Tokyo’s AU$15 entry point makes it the most bankroll-friendly option for new payid pokies real money players entering the market. If you care about raw headline size, RollingSlots (300% up to AU$6,400 + 550 FS) and HellSpin (5, 400 AUD + 150 FS) offer the largest packages among the aussie PayID casinos in this guide. Pay ID has matured into one of the most practical ways for Australians to play online casino games with real money, and the six aussie PayID casinos in this guide represent the strongest current options across speed, bonus value, game depth, and minimum deposit accessibility. References: forum.comic-slicer.net
«Заманауи, таза әрі жанға жайлы»: Валерий Меладзе Астана өзін қалай баурап алғанын айтты
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды