Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астана күні қарсаңында Eco Day экологиялық іс-шарасы өтті

Астана күні қарсаңында Eco Day экологиялық іс-шарасы өтті
Фото: Астана қаласының әкімдігі

Елорда күніне орай Астанада Eco Day экологиялық іс-шарасы ұйымдастырылды. Оның аясында «Жасыл ел» еңбек жасағының сарбаздары мен эко-белсенділерге Эко-Хабта экскурсия өткізілді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Қатысушыларға экологиялық мәселелер туралы айтылып, қайта өңделген материалдардан жасалған өнімдер таныстырылды. Сондай-ақ қалдықтарды бөлек жинау бойынша шеберлік сабағы өткізіліп, оларды сұрыптаудың ерекшеліктері түсіндірілді.

«ECO Network» компаниясының Астанадағы өкілдігінің жетекшісі Гүлнәр Хан жастардың экологиялық бастамаларға қызығушылығы жоғары екенін айтты.

«Біз жастардың бұл бағытқа ерекше қызығушылық танытып отырғанын көріп жүрміз. Студенттер мен жоғары сынып оқушылары үшін экскурсияларды жиі ұйымдастырамыз. Олардың көбі кейін ерікті ретінде бізге келеді. Сондықтан осындай іс-шараларды өткізгенімізге әрдайым қуаныштымыз. Бұл тақырыпты мүмкіндігінше кеңінен насихаттап, бәрін іс жүзінде көрсетеміз. Өйткені қайта өңдеу саласына қатысты көптеген жалған әңгіме бар. Кейбір адамдар қайта өңдеудің бар екеніне мүлде сенбейді, енді біреулері оның қалай жұмыс істейтінін, инфрақұрылымының қандай екенін және нақты нәтижесін көрмейді. Ал біздің хабта бәрі бір жерде жинақталған. Сондықтан мұнда үлкен ағартушылық алаң қалыптастырылған», – деді Гүлнәр Хан.

Шеберлік сабағында белсенділерге қайта өңдеудің нақты нәтижелері де көрсетілді. Эко-Хабта жиналған пластик қақпақтардан орындықтар жасалады. Бір орындық дайындау үшін шамамен 15 мың пластик қақпақ қажет.

Өткен жылы Астанадағы бірнеше тұрғын үй кешенінің тұрғындары жинаған қақпақтардан бес орындық жасалып, кейін аулаларға орнатылған. Ал Қазақстандағы Нидерланд Корольдігінің елшілігі қайта өңделген пластиктен жасалған тағы төрт орындыққа тапсырыс берген. Олар жуырда елорданың саябақтарының біріне орнатылады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
41 комментарий
  • Lynell
  • 22-10-2026, 09:13
  • : 09:13
References: Real cash MiFinity casino Australia https://xtuml.org/
  • Merri
  • 22-10-2026, 09:23
  • : 09:23
References: 5 dollar neosurf deposit casino aus nutritionwiki.space
  • Kam
  • 22-10-2026, 15:58
  • : 15:58
References: ANZ casino wire transfer wire transfer gambling sites australia
  • Mittie
  • 22-10-2026, 20:23
  • : 20:23
References: Wire transfer casino payment methods Australia rentry.co
  • Lori
  • 22-10-2026, 23:42
  • : 23:42
References: Osko pokies online banking Osko pokies jackpot games
  • Delores
  • 23-10-2026, 03:41
  • : 03:41
References: No deposit bonus wire transfer casino australia bank transfer casino real money Australia
  • Prince
  • 23-10-2026, 04:40
  • : 04:40
References: Are osko casinos safe codimd.zaehlwerk.net
  • Aurora
  • 23-10-2026, 05:31
  • : 05:31
References: Wire transfer deposit casino australia https://www.forum.uookle.com
References: Best bank transfer pokies australia online casinos bank transfer Australia
  • Drew
  • 23-10-2026, 19:35
  • : 19:35
  • Jana
  • 23-10-2026, 20:06
  • : 20:06
References: Free payid pokies new payid pokies australia
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды
Almaty Marathon-да қайта өңдеуге жіберілетін қалдықтар жиналды