Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Еліміздің инвестициялық тартымдылығын одан әрі арттыру, оның ішінде салық саясатын жетілдіру мәселелеріне назар аударылды.

Еліміздің инвестициялық тартымдылығын одан әрі арттыру, оның ішінде салық саясатын жетілдіру мәселелеріне назар аударылды.
Фото: Астана қ.әкімдігі

Елорда мектептерінде өскелең ұрпаққа табиғатқа деген қамқорлық пен экологиялық тәрбие беру үшін оқушыларды қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне тартуға бағытталған жобалар жүзеге асырылып жатыр. Солардың бірі – түрлі әлеуметтік бастамаларды қамтитын «Жасыл мектеп» жобасы, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жоба іске қосылғаннан бері 6200-ден астам мұғалім мен 125 мыңнан астам баланы қамтыған 34 іс-шара өткізілді. Жоба аясында мұғалімдерге қатты тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинау бойынша оқыту курстары ұйымдастырылды, бұл оқушыларға қалдықтарды сұрыптаудың дұрыс әдістерін тәжірибе жүзінде меңгеруге мүмкіндік берді.«Жасыл мектеп» жобасында Астанадағы оқу орындарында жылыжай ұйымдастыру ісі қарастырылған. Оқушылар өсімдік өсіруді үйренетін 20 мектеп пен колледжде жылыжайлар орнатылды. Жобаға лимон ағаштарының, сол сияқты қияр, қызанақ, құлпынай және басқа да жидектер мен көкөністердің өсуіне қызығушылық танытқан 2000-нан астам оқушы қатысады.

Мұғалімдерге арналған тұрақты семинарлар экологиялық білімнің жоғары деңгейін сақтауға көмектеседі.«Таза Қазақстан» ауқымды экоакциясы аясындағы жұмыстың ерекше үлгісі ретінде 5-сынып оқушылары «Жасыл клуб» аясында екі жылдан лимон ағашын өсірумен айналысқан №8 мектеп-лицейінің тәжірибесін айтуға болады. Лимон ағашы бүгінде жеміс беріп тұр. Сол сияқты жылыжайда көкөніс, құлпынай, жалбыз өседі.«Жер амбассадорлары» балалар мен жасөспірімдер қозғалысына 1204 орта мектеп оқушысы тартылып, оларға экология және тұрақты даму негіздерін үйретеді. Қыркүйек айынан бастап жұмыс істеп келе жатқан экологиялық жасыл клубтар 27 000-ға жуық бастауыш және орта мектеп оқушыларын қамтып, оларды экологиялық стартаптар мен жобаларды жасауға ынталандырады.

«Таза Қазақстан» акциясы аясында қоршаған ортаның жағдайын жақсарту бойынша іс-шаралар белсенді жүргізіліп жатыр. Студенттер «Таза өлке», «Киелі мекен», «Жасыл аймақ» сияқты ағаш отырғызу, көгалдандыру және қоқыс шығару науқандарына белсене қатысады. Ардагерлер аулалары мен қарттар үйінің аумақтарын тазалау және абаттандыру жұмыстары да ұйымдастырылған.

Экологиялық ағарту шаралары барлық жас топтарын қамтиды. Білім беру мекемелерінде оқушыларды экологиялық тәжірибеге үйрету мақсатында тренингтер мен семинарлар өткізіледі. Жиырма мектепте қоқыстарды бөлек жинау үшін қоқыс жәшіктерін орнату маңызды қадамдардың бірі болды. Бұл балалар мен мектеп қызметкерлеріне қоршаған ортаны қорғауға белсенді араласуға мүмкіндік береді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты