Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Черногория Президенті Яков Милатович пен Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Черногория Президенті Яков Милатович пен Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылады
Фото: primeminister.kz

Кездесу барысында Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов пен Черногория Президенті Яков Милатович Қазақстан мен Черногория президенттерінің келіссөздері нәтижесінде қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру мәселелерін қарады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Бүгін Сіз Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен мазмұнды әрі сындарлы келіссөздер жүргіздіңіз. Сіздің сапарыңыз Қазақстан мен Черногория арасындағы қатынастардың жаңа кезеңін ашатынына сенімдімін. Қазақстан Үкіметі жоғары деңгейде қол жеткізілген барлық уағдаластықтың жүзеге асырылуын бақылауына алады», — деп атап өтті Премьер-министр.

«Біздің елдердің үкіметтері арамыздағы қарым-қатынасты одан әрі дамыту үшін іргелі құқықтық негіз болатын бірқатар екіжақты келісімдердің жобаларын әзірлеуде. Бұл жерде әңгіме экономикалық ынтымақтастық, әділет саласындағы әріптестік, сондай-ақ цифрландыру саласына қатысты өзара іс-қимыл тұрғысындағы келісімдер туралы болып отыр. Біз Қазақстанның цифрлық трансформация саласындағы жетістіктерін жоғары бағалаймыз, әрі сіздің елдің осы бағыттағы құнды тәжірибесін қабылдай аламыз деп санаймын», — деп атап өтті Яков Милатович. 

Екіжақты тауар айналымының қазіргі деңгейі ынтымақтастықтың әлеуетін толық аша алмай отырғаны атап өтілді.

Екі елдің президенттері белгілеген міндеттер аясында сауда, көлік және логистика, ауыл шаруашылығы, цифрлық технологиялар, туризм, білім беру салаларындағы перспективалы жобаларға назар аударылды. 

Агроөнеркәсіп кешенінде Қазақстанның Черногория нарығына ауыл шаруашылығы өнімдерін, оның ішінде ұн, бидай, майлы дақылдар мен терең өңделген өнімдерді экспорттауға дайын екендігі атап өтілді. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы ғылымын, тұқым шаруашылығын, биотехнологияларды, мал шаруашылығы мен ауыл шаруашылығын жүргізудің өзге де орнықты әдістерін дамыту саласындағы өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.

Көлік-логистика саласында Қазақстанның Еуропа мен Азия арасындағы басты транзиттік көпір ретіндегі рөлі атап өтілді. Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі өткен жылы 36%-дан астам өсіп, 77 мың ЖФЭ контейнерін құрады. Черногорияның стратегиялық тұрғыдан тиімді орналасуын және оның Адриатикалық теңізге қолжетімділікті қамтамасыз етуге қаншалықты үлес қосатынын ескере отырып, кездесуге қатысушылар сауда және инвестициялық байланыстарды кеңейтудің кең мүмкіндіктері барын атап өтті. Сонымен қатар TХКБ-ның қуатын Бар портымен жұптастыру жайы талқыланды, бұл Оңтүстік және Орталық Еуропаға жаңа мультимодальды дәліз құруға мүмкіндік береді.

Цифрландыру және жасанды интеллект саласындағы ынтымақтастық перспективаларына назар аударылды. Қазақстан мемлекеттік қызметтерді цифрландыру бойынша әлемдік көшбасшылардың қатарына кіреді, олардың 90%-дан астамы бүгінде онлайн режимде қолжетімді. Бұл бағытта бірлескен GovTech және ЖИ-бастамаларын құру арқылы цифрлық трансформация, ЖИ, мемлекеттік басқару мен инновациялар саласындағы әріптестікті кеңейту бойынша елеулі әлеует бар.

Олжас Бектенов Черногория делегациясына елдегі қалыптасқан инвестициялық климат туралы ақпарат берді. Негізгі шаралардың қатарында 2030 жылға дейінгі инвестициялық саясат тұжырымдамасын жаңарту, инвестициялық штабтың жұмысы және Бас прокуратура жанындағы салалық комитет қызметі шеңберінде инвесторлардың құқықтарын қорғауды күшейту, шетелдік инвесторлар мен жоғары білікті мамандар үшін «Altyn Visa» жаңа арнайы визалық режимін енгізу бар.

Премьер-министр Олжас Бектенов Үкіметтің жоғары деңгейдегі келіссөздер барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды іс жүзіне асыруға толық дайын екенін растады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
37 комментариев
  • Melody
  • 07-07-2026, 21:33
  • : 21:33
References: Top casinos http://wored.school2100.com/bitrix/redirect.php?goto=http%3A%2F%2Fboard-pl.seaf
ight.com%3A443%2Fproxy.php%3Flink%3Dhttps%3A%2F%2Fde.trustpilot.com%2Freview%2F
owowear.de
  • Eli
  • 08-07-2026, 07:40
  • : 07:40
References: Real money pokies https://community.bvp.com/links?lid=qyy7skl0nllkgjsonvk_lq&token=zlfsgmyri8jlru
wol0usga&url=https%3a%2f%2fcr.naver.com%2Fredirect-notification%3Fu%3Dhttps%3A%
2F%2Fde.trustpilot.com%2Freview%2Fowowear.de
  • Luz
  • 26-10-2026, 00:11
  • : 00:11
References: 1 dollar deposit pokies payid hedgedoc.ludos-disciplinarum-misi.fyi
  • Javier
  • 26-10-2026, 05:19
  • : 05:19
References: Aussie pokies payid https://mapleprimes.com/users/basketgarage71
  • Naomi
  • 21-11-2026, 18:39
  • : 18:39
We only list a casino here when our own review shows PayID in its cashier. Submitted on signup with all documents at once, KYC typically completes in 1–6 hours at the operators in our top ten. The ten operators in our guide all pass our license, payout, and dispute-resolution checks. Its 9-minute average cashout time, A$10,000 daily cap, automated approval queue, and 100% bank compatibility set it apart. Include screenshots of the cashier’s withdrawal status and any error messages. Held cashouts are the worst-case scenario for offshore payid casinos australia gambling.
  • Teddy
  • 21-11-2026, 22:44
  • : 22:44
The majority of international platforms run via web browsers, eliminating the need to install standalone applications. PayID integrates smoothly with mobile devices because authentication occurs inside your banking app. Review game weighting terms carefully if you intend to play table games using promotional balances. Most online casinos accepting PayID feature live dealer rooms alongside RNG-driven table options like roulette and blackjack.
  • Alanna
  • 22-11-2026, 21:59
  • : 21:59
PayID provides one of the most straightforward methods for funding account balances directly from an Australian bank account. For instance, VegasNow processes crypto transfers in 0 to 24 hours, whereas PayID transfers take 1 to 3 business days. Where we completed real-money tests—such as the VegasNow payout—we note the specific timeframe and testing date. We assess payid online pokies online casinos based on the complete payment experience rather than relying on promotional badges in a site’s footer.
«Заманауи, таза әрі жанға жайлы»: Валерий Меладзе Астана өзін қалай баурап алғанын айтты
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды