Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жетісу облысында жол апатын жасап, оқиға орнынан бой тасалаған күдікті құрықталды

Жетісу облысында жол апатын жасап, оқиға орнынан бой тасалаған күдікті құрықталды

Алакөл ауданының полицейлері заңсыз иеленген жүк көлігімен жол апатына ұшырап, одан кейін оқиға орнынан жасырынған 29 жастағы талдықорғандықты ұстады, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

16 тамызда Алматы – Өскемен тасжолының 585-шақырымында Toyota Carina көлігі мен Shacman жүк көлігінің қатысуымен жол апаты болды. Әртүрлі жарақаттарымен жеңіл автокөліктің жүргізушісі жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді. Ал жүк көлігінің жүргізушісі оқиға орнынан қашып кеткен.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында патрульдік полиция қызметкерлері Shacman жүк көлігін тауып, оның жүргізушісін ұстай алды. Белгілі болғандай, ер адам бір сағат бұрын жүк көлігін заңсыз айдап кетіп, жол-көлік оқиғасының себепкері болған.

– Күдікті адам Shacman жүк көлігін республикалық трассаны қайта жасау мен жөндеу жұмыстарын жүзеге асыратын жол жөндеу ұйымынан айдап кеткен. Ұсталған облыс орталығының 29 жастағы тұрғыны жүк көлігін заңсыз айдап кеткені үшін ҚР ҚК-нің 200-бабымен қылмыстық жауапкершілікке және жол-көлiк оқиғасына себепкер бола тұра, оқиға орнынан жасырынғаны үшін ҚР ӘҚБТК-нің 610-бабы 2-бабы және 611-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деді Алакөл аудандық полициясы.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады