Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда алаяқтықтың 45 дерегіне қатысы бар азамат анықталды

Алматыда алаяқтықтың 45 дерегіне қатысы бар азамат анықталды
Фото: polisia.kz

Алматыда алаяқтықтың 45 дерегіне қатысы бар азамат анықталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

35 жастағы қала тұрғынына қатысты 45 алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі бойынша күдікті ретінде 35 жастағы Е.есімді азамат ұсталды.

– Аталған азаматтың жәбірленушілерді көліктерін заңдастыруға көмектесемін деп алдап, ақша алғаны анықталды. Зардап шеккендер арасында науқан кезінде, яғни 1 шілдеге дейін шетелдік көлікті заңдастырып үлгермегендер де бар. Іскер азамат осы арқылы табыс табуды ұйғарып, сенгіш азаматтарға 1,4 млн теңгеден бастап 1,8 млн теңгеге дейінгі ақыға құжат рәсімдеуді ұсынған. Қазіргі уақытта 45 эпизод тіркелген. Осы деректер бойынша күдікті өз кінәсін мойындады. Ол қамауға алынды, – дейді Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, өзге ақпараттар тергеу мүддесіне орай жариялауға жатпайды. ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, заңды күшіне енген сот үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам қылмыстық құқық бұзушылық жасауда кінәсіз деп танылады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді