Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Желіде ақшаны “көбейтіп беремін” деп уәде берген алматылық азамат ұсталды

Желіде ақшаны “көбейтіп беремін” деп уәде берген алматылық азамат ұсталды
Фото: polisia.kz

Желіде ақшаны “көбейтіп беремін” деп уәде берген алматылық азамат ұсталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Алматы қаласының шетінде тұратын 24 жастағы Л. есімді азамат ақшаны тиімді инвестициялауды үйреткен.

– Тергеудің алдын ала мәліметтері бойынша, жас жігіт қаржылық интернет-алаңда ақшаны көбейтемін деген желеумен капиталын ұлғайтқысы келгендерден ақша алған, бірақ уәдесін орындамаған. Ол “клиенттерге” төлемнің қабылданғанын растайтын құжаттарды, түбіртектерді бермеген. Мәселен, қылмыстың бір эпизодында бөтен адамның 4 млн теңгесі Л. есімді азаматтың олжасына айналды. Күдікті қамауға алынды.
Қазіргі уақытта оның басқа эпизодтарға қатыстылығы анықталып жатыр. Осы мақсатта бұл адамды таныған азаматтардан мына телефондар арқылы хабарласуларын сұраймыз: 8-708-196-51-20; 8-702-445-39-69, – деді Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.

Аудан басшылығы, күдіктінің әрекеті тергеуде ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігімен (Алаяқтық) квалификацияланғанын хабарлады.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпараттар тергеу мүддесіне орай жариялауға жатпайды.

ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, заңды күшіне енген сот үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам қылмыстық құқық бұзушылық жасауда кінәсіз деп танылады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады