Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы полициясы алаяқтықтың 11 дерегіне қатысы бар күдікті құрықталды

Алматы полициясы алаяқтықтың 11 дерегіне қатысы бар күдікті құрықталды
Фото: kazlenta.kz

Алматы полициясы алаяқтықтың 11 дерегіне қатысы бар күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қарапайым, сонымен қатар күрделі алдаудың әдісін Алматы облысының 23 жастағы тұрғыны ойлап тапқан. Әуезов аудандық ПБ-ға бірнеше жергілікті тұрғын арызбен жүгінген, олардың айтуынша, жас жігіт криптовалютаның қаржылық интернет-алаңында қаражатты көбейтіп беремін деген желеумен ірі көлемде ақшаны иемденген.

– Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті ұсталды. Ол 23 жастағы Л.есімді азамат болып шықты. Белгілі болғандай, күдікті ақшаны қайтару бойынша өз міндеттерін орындауды ойламаған. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс тіркелді. Күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Қазіргі уақытта осыған ұқсас 11 эпизод тіркелді, яғни 11 жәбірленуші күдіктіге кемінде 3 миллион теңгеден берген, – деді Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері аталған заңсыз әрекеттің қосымша эпизодтарын анықтауға бағытталған жедел-іздестіру және тергеу іс-шараларын жүргізіп жатыр.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпараттар тергеу мүддесіне орай жариялауға жатпайды. ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, заңды күшіне енген сот үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам қылмыстық құқық бұзушылық жасауда кінәсіз деп танылады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді