Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Солтүстік Қазақстан облысында туризм қалай дамып жатыр?

Солтүстік Қазақстан облысы республика бойынша ең көп көл орналасқан, айналасы ну орманды, тоғайға толы, табиғаты бай аймақ. Одан бөлек мәдени кесенелер мен тарихи орындар да жетерлік. Сол себепті өңірде мәдени, экологиялық, тарихи-танымдық, тіпті діни туризм жақсы дамып келеді. 


Өлкенің туристерді қызықтырып, танымал болуына «Рухани жаңғыру» бағдарламасының да ықпалы бар.  Осы және өзге де тақырыптар аясында «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» мен «Қоғамдық даму және ақпарат орталығының» маманы Әйгерім Мағамбетовамен сұхбаттасқан едік. Мархабат!

 

 

– Өзіңіз білетіндей, биыл  «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жарияланғанына 3 жыл. Жалпы осы жоба аясында жүзеге асқан шаралардың маңызы қандай деп ойлайсыз? 


– Осы уақыт аралығында республика бойынша 90 мыңға жуық іс-шара ұйымдастырылып, жобаның жүзеге асуына шамамен 12 миллион адам белсенді қатысты. Бұл мемлекетіміздің ұзақ әрі стратегиялық жолы болды деп санаймын. Қоғамның, жалпы адамның рухани жаңғыруы әлі де жалғасуда және болашақта да жалғаспақ. Еліміздегі өзгерістерге тоқталар болсам, алдымен «100 жаңа оқулық» жобасын айтар едім. Мәселен осы жоба бойынша 10 мыңдық тиражбен 77 кітап аударылып, еліміздің 132 университетіне берілді. Одан кейін, «Туған жер» жобасы аясында 800-ге жуық әлеуметтік нысан салынып, 500-ге тарта мекеме қайта жөңдеуден өтті. Меценаттардың арқасында мектеп, аурухана, балабақша салынды. Менің ойымша, бұл өскелең ұрпақ үшін жақсы үлгі болды, олардың бойында патриоттық сезімді оятуға, елі мен жеріне адал қызмет етуге шақырды. 


Сонымен қатар «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы бойынша «Солтүстік Қазақстан облысының сакралды орындары» атты интерактив карта жасалынды. Оған 33 жалпыұлттық және өңірлік тарихи-мәдени ескерткіш кірді. Осылайша, еліміздің әр азаматы виртуал түрде тарихымызбен танысу мүмкіндігіне ие болды. Жалпы жоба бойынша, 2017 жылы өңірге келген қонақтар саны 27 670 болса, 2020 жылы 32 030-ға жетті. Бұдан бөлек еліміз бен шетелде кітап, фото көрмелер, концерттер мен конференциялар, әртүрлі кино көрсетілімдер ұйымдастырылды. Осы шаралар арқылы қазақ мәдениетін бар әлемге көрсете алдық.



– Ал осы бағдарлама бойынша өңірде қандай жобалар ұйымдастырылды?


– Біз «QYMYZFEST» атты фестиваль өткіздік. Негізі бұл Петропавл қаласында дәстүрлі түрде жыл сайын ұйымдастырылады, биыл үшінші рет болды. Шараның басты мақсаты – казақ халқының мәдениеті мен дәстүрін насихаттау. Жобаның идеясы «Қызылжар жастары» атты қоғамдық жастар ұйымына тиесілі. Олар Солтүстік Қазақстанның ерекшелігі мен мәдениетін бар әлемге танытатын эксклюзивті шара ұйымдастырды. Фестиваль барысында дәстүрлі жәрмеңке, аттар карнавалы, спорттық жарыстар, бешбармақ байқауы өтті. Сонымен қатар басты ұтыс ретінде жылқыға лотерея ойнатылды. Жалпы мерекенің тақырыбы өңірдің тарихымен тығыз байланысты. Себебі жылқы ең алғаш Солтүстік Қазақстанда қолға үйретілген болатын. 


Бұдан бөлек облысымызда ел тарихына археологиялық жаңалық енгізген «Қызылоба» жобасы болды. Жоба туралы айтар болсам, 2019 жылы Уәлихан ауданындағы Селеті өзенінің төменгі жағынан Алтын орда дәуіріне тиесілі ежелгі кесене мен кірпіш өндіретін пештің қалдықтары табылды. Жоба бойынша Манаш Қозыбаев атында Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің оқытушылары мен студенттері және Тимур Смағұловтың басшылығымен мемлекеттік педагогикалық Павлодар университетінің «Margulan centre» орталығы бірігіп, зерттеу жұмыстарын жүргізді.  



– Осы орайда солтүстікте туризм қалай дамып жатқанын айта кетсеңіз. Өңірге туристерді тартуда қандай жұмыстар атқарылып жатыр?


– Қазіргі әлемдегі пандемияға байланысты туризм туралы айту қиын. Себебі республика бойынша барлық облыста карантин режимі сақталуда. Алайда бір айта кетерлік жайт, қазір туризмнің жаңа феномені ретінде трансұлттық туристік бағытқа сұраныс көбейіп жатыр. Шекаралық аймақта орналасқандықтан, бізге туризмді дамыту өте қолайлы. Біздің облыстың көрікті жерлері тек қана өңірдің туристерін ғана емес, өзгелердің де қызығушылығын тудырады.


Әсіресе, Шалқардағы танымал «Имантауды» айтқым келеді. Ол мемлекетіміздегі танымал туристік орындардың қатарына енген болатын. Мысалы, Петропавл қаласында қыс мезгілінде шағын шаңғы базасы, ал Имантау өзенінде яхта клубы бар. Туристер арасында кемпинг пен автокараванинг сұранысқа ие. Сонымен қатар, өңірде аңшылық туризм де жақсы дамып жатыр. Дәстүрлі аңшылықтан бөлек, спорттық аңшылық сынды басқа да түрлері бар.  Қызылжар ауданында республикалық бүркіт, сұңқар, қаршығамен аң аулаудан турнир өткіздік. Шара арқылы ұлттық дәстүрімізді дәріптеп, шетел азаматтарын қызықтыра алдық деп ойлаймын.


Жалпы біздің өңірдің табиғаты сұлу, бай. Облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың ұтымды саясаты арқасында түрлі бағыттар бойынша өзгерістер енгізіліп жатыр. 



– Өзіңіз айтып өткендей, қазір туристтер саны өсіп келеді. Ал бұл тарихи, киелі орындардың тазалығы мен тұрақтылығына әсер етері сөзсіз ғой?


– Дұрыс айтасыз, табиғаттың бізге бергенін бағаламайтын адамдар арамызда бар. Олар үшін қоқысты көрінген жерге лақтыра салу оңай. Көне ескерткіштердің тарихи мекен, мәдени орын екені алаңдатпайтындай. Киелі тастарға өз таңбасын қалдырып, өзінше «мықты» болғысы келеді. Менің ойымша, адамдардың қоршаған ортаны ойламауы тәрбиеге байланысты. Табиғатқа деген мұндай қарым-қатынас отбасынан басталады, ата-ана баласына өздерінің іс-әрекеті  арқылы үлгі болады. Кейін бала өскенде көргенін қайталайды.


Мұндай адамдардың іс-әрекетіне тосқауыл болу үшін, бастысы оның себебін түсініп, тиімді шешім жолдарын қарастыру керек. Менің ойымша, заңбұзушылық бойынша заң жобасын қайта қарастыру қажет. Табиғатта, қоғамдық орындарда, ұйымда өзін-өзі ұстау бойынша жауапкершілікті қатаңдату керек. Біздің заңда қоғамдық жұмыс не айыппұл төлеу жазасы бар. Одан бөлек, мысалы қоршаған ортаға зиянын тигізген адам көктем-күз мезгілінде көшет отырғызып, өмірінің соңына дейін бағып-қағуы керек деген жаза енгізсе болады. Алайда, бәрібір барлығы отбасылық тәрбиеден басталады. Сондықтан басты назарда отбасы болуы керек. Ал ол үшін тек қана іс-шаралар ұйымдастырмай, қоғамның алға жылжып, дамуына септігін тигізетін ұзақмерзімді бағдарламаларды жоспарлау керек.



– «Рухани жаңғыру» бағдарламасы қоғам үшін қаншалықты қажетті шешім қабылдап жатыр деп ойлайсыз?


– Бағдарлама жан-жақты. Мен өз басым, «100 жаңа есім» жобасын атап өтер едім. Оның идеясы дұрыс әрі өзекті деп санаймын. Яғни, халыққа өзге адамдардың іс-әрекетін үлгі қылу керек. Медицина, спорт, ғылым мен білім бойынша жетістікке жеткен жандардың еңбегін көрсету, осылайша өзгелерді де жетістікке итермелеу өте маңызды. Жоба адамдар үшін барлығы мүмкін екенін көрсетіп, дәлелдей түседі. Яғни, бастысы сүйікті ісіңмен айналысып, елімізге өз пайдаңды тигізу. Менің ойымша, осы бағдарлама арқылы өзге елге кетіп жатқан адамдардың саны қысқарып, қайта өз еліміздегі білікті мамандардың қатары артатын болады. 



– Бағдарламаға қатысты сын-ескертпелер де айтылып қалатыны жасырын емес. Сіздің ойыңызша, «Рухани жаңғырудың» тиімділігі неде?


– Біріншіден, мемлекеттік саясат бойынша бағдарлама әлі жас және беделі енді артып келеді. Алайда соның өзінде тиімділігі бойынша бірнеше жақсы жобалары бар. Екіншіден, бағдарламаны іске асырудағы басты назар адамдарда, себебі бағдарлама адамдардың игілігі үшін жоспарланған. Елбасымыз «Өмір сүру үшін өзгере білу керек. Оған көнбегендер тарихтың шаңына көміліп қала береді» деген болатын. Біз жобаның тиімділігін қандай да бір формула не сипаттама бойынша өлшей алмаймыз. Тек адамдардың санасының, ой-өресінің өзгерісінен ғана байқай аламыз. Үшіншіден, бұл бағдарламаның идеясы, яғни болашақта барлығы мүмкін әрі барлығына жетуге болатындығы жайлы нақты сенім.



– Әйгерім Есенғалиқызы, сұхбаттасқаңызға рахмет. Еңбегіңіз берекелі, жұмысыңыз табысты болсын!

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді