Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Заманауи өнер арқылы ұлттық мұраны дәріптеуші

Талдықорған қаласының көркеюіне өз үлесін қосып жүрген азаматтардың бірі – Еркеғали Иманғали. Ол тұрғын үйлердің қабырғасына атақты тұлғалардың бейнесін кескіндеп, безендірумен айналысады. Қазір қалада жас суретшінің дәрігерлерге, Әл-Фараби мен Абайға, журналист Б.Құранбекке арналған муралдарын көруге болады.

 

 

- Еркеғали, алдымен Jetisu-ART жобасы туралы айтып берсеңіз. Бұл қандай жоба?


- Jetisy-ART жобасы 2020 жылдың қаңтар айында Jetisy media ақпараттық алаңында тұсауы кесілді. Басты мақсаты – ұлттық тарихи-мәдени мұраны насихаттау. Идеологиялық тұрғыдан, бұл графикалык суреттер арқылы қандай да бір маңызды идеяларды кеңінен насихаттауға арналған жоба.



- Бұл жобаға қатысу үшін байқау болды ма, әлде шақырту алдыңыз ба?


- Бұл жоба TaldyParis шығармашылық бірлестігінің, яғни біздің ұйымның жасап шығарған жобасы. Арнайы шақырту алған емеспін, керісінше өзімнің идеямды жүзеге асырдым. Жобаға Алматы облысының «Рухани Жаңғыру» жобалық кеңсесі мен облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қолдау көрсетті.



- Жобада қанша адам жұмыс жасайды?


- Бірлестік тек сурет салумен айналысып ғана қоймай, одан бөлек көптеген жобаларды да жүзеге асырады. Сол себепті нақты адам санын айта алмаймын. Ал қала бойынша жалпы 3 сурет салынды, ол жобаға ат салысқан 3 адам.



- Бұл жобаның мүмкіндігі қандай?


- Біріншіден, мурал деген - өнер, сол себепті бұл өз-өзіңді көрсетудің жақсы мүмкіндігі.  Екіншіден, өскелең ұрпаққа тарихи құндылықтырды дәріптеудің бірден бір мүмкіндігі. Сол себепті қазіргі кездегі визуал контенттің өзектілігін ескере отыра, жобаны Ішкі саясат басқармасына ұсынып, жүзеге асырдық.



- Jetisu-ART жобасының сіз үшін қандай пайдасы бар?


- Бұл жоба тек маған емес, барлық қала тұрғындарына да зияткерлік жағынан әрі білім көкжиегін кеңейтуге зор пайдасын тигізеді деген үміттемін.



- Қазір Талдықорғанда дәрігерлерге, Абай мен Әл-Фарабие арналған мурал бар. Бұлардың қайсысы ең қиыны болды?


- Абайдың суретін салғанда біраз қиындық болды. Ол суреттің көлемі мен стиліне байланысты десек те болады. Ал, жалпы жоба бойынша айтарлықтай қиындық болған жоқ. Тек жаз мезгілінде сурет салудың бір қиыны барлығы ауа-райына байланысты болады. Мәселен, түстердің біркелкі болуын күннің сәулесіне қарап жасадық. Дәрігерлер мен Әл- Фарабидің суретін 3 күнде салсақ, Абайдың бейнесін кескінімен қоса есептегенде 5 күнде салып бітірдік.



- Бұл жобаның еліміз үшін қандай маңызы бар деп ойлайсыз?


- Біз қолға алған үш жоба да маңызды. Өйткені біріншісінде бүгінгі қоғамның басты қаһарманын бейнеледік. Ол  дәрігерлер. Ұлт өмірімен күрескен жандарды насихаттау әбестік емес деп ойлаймын. Ал, екінші және үшінші жобада екі бірдей ұлы тұлғаны бейнеледік. Бұл ұрпақтың санасының оянуына ықпал етеді. Әр нәрседен тек әдемілікті іздемей оның мағынасына да терең бойлаған жөн.  Демек, жобаның маңыздылығы елдің руханиятына әсер етуінде.



- Болашақта кімнің портретін не қандай кескіндемені салуды армандайсыз?


- Қазір ұжыммен бірге ой алмасу үстіндемін. Шығармашылық деген үнемі ізденісті талап етеді. Біз қазір дәл сол кезеңде келе жатырмыз. Алдағы таңда қандай да бір туындыны жарыққа шығаратын болсақ, сіздермен бөлісеміз.



- Сұхбаттасқаныңызға рахмет! Jetisy-ART ұжымына шығармашылық табыс тілейміз!

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді