Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Гүлайым Азан: қоғамдық сананы жаңғырту үдерісін үздіксіз жалғастыру керек

Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласы жарияланғанына биыл үш жыл. Бағдарламалық мақалада қоғамның санасын жаңғыртудың нақты бағыттары айқындалған болатын. Ұлттық деңгейдегі ауқымды жобада қамтылған шаралар мен оны іске асыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы Маңғыстау өңірлік «Рухани жаңғыру» жобалық офисінің басшысы Гүлайым Бақытқызымен сұхбаттастық.



- Гүлайым Бақытқызы, «Рухани жаңғыру» дегенді сіз қалай түсінесіз?


- Бүгінде мемлекеттік саясаттың негізгі басымдығы қоғамдық сананы жаңғырту мен жаһандану жағдайында ұлттық құндылықтарды дамыту мәселелеріне арналып отыр. Осы орайда «Рухани жаңғыру» бағдарламасының мақсаты – патриоттық тәрбиені қалыптастыру, жастардың туған жері мен еліне махаббатын арттыру, азаматтарды қоғам игілігіне қызмет етуге баулу, дәстүрлі құндылықтар мен өз халқының мәдени даралығын сақтау, өмір сүру салтының, әлеуметтік тыныс-тіршіліктің жаңа нысандарын халықтың қабылдауы. Демек, нақты әрі қысқа айтар болсам, Рухани жаңғыру – санамызды өзгерту.



- Аталмыш бағдарлама аясында ұйымдастырылған жобалардың қоғам үшін қандай маңызы бар?             

                                                       

- Атқарылған шаралардың барлығы да халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға арналған. Сол үшін де маңызды. Елдегі атқа мінер азаматтардың, табысты кәсіпкерлердің, мектеп бітірген түлектердің кіндік қаны тамған ауылына, ел игілігіне жасалған жұмыстары өте ауқымды. Бағдарлама аясында жүзеге асқан барлық шаралардың маңыздылығына тоқталсам, атқарылған жобалар ұлттық руханиятқа үлкен серпіліс әкелді. Мәселен, ұлттық бірегейлікті сақтау, прагматизмді басшылыққа алу, мәдениетті ұлықтау, туған жерге деген сүйіспеншілікті арттыру, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту сияқты мәселелер қоғамда жақсы қолдау тауып, пайдалы әрі игі іс-шаралар ұйымдастырылды. Осы уақыт аралығында бағдарламаның арнайы жобалар саны 13-ке жетті. Өткен жылдың күзінде қосымша «Ауыл – ел бесігі» арнайы жобасы, кейін «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының іске асыру мақсатында тағы алты арнайы жобамен толықтырылды.



- Осы орайда Маңғыстау өңірінде үш жылда қандай іс-шаралар жүзеге асырылды?


- Бағдарламаны жүзеге асыру барысында өңірден ұсынылған жобалардан бекітілген жоспар бойынша 2017 жылы 120, 2018 жылы 176, 2019 жылы 183, ал биылғы 10 айда 98 іс-шара мен жоспардан тыс та атқарылған игілікті жұмыстар бар. Мұқтаж жандарға қайырымдылық мақсатында өңірде 35 отбасына тұрғын үй, көп балалы 15 анаға тігін машинасы берілді. Қарақия ауданының төрт мектебінен инклюзивтік білім беру кабинеті және Жетібай ауылында мүгедек балаларға арналған  инклюзивтік білім беру орталығы ашылды. Жастар үшін елді мекендерде 19 спорт кешені, балаларға арналған 37 ойын және спорт алаңы пайдалануға берілді. Өлкеміздегі өнер иелерінің шығармашылық кештері мен мерейтойлары аясындағы мәдени көпшілік іс-шаралары да демеушілер тарапынан қолдау тапты.



- Ұйымдастырылған мәдени іс-шаралар туралы толығырақ айтып берсеңіз


- Аса көрнекті діни қайраткер, руханият абызы Ержан хазірет Төлегенұлының жарты ғасыр бұрын жазып кеткен «Өсиетнама», «Иманшарт» кітаптарының қолжазбасының табылуы – рухымыз бен жадымызды жаңғыртқан құнды мұра дәстүрлі дінімізді тануға негіз, болашағымызға бағдар береді. «Өсиетнама», «Ілімнің бұлағы – тақуалық қайнары», хазірет тұтынған басқа да кітаптары, Өлкетану бағытында ел азаматтары С.Керелбаев, Н.Құлбаев, Б.Қосбармақов әулиелер туралы тарихи деректер мен аңыз-әңгімелерді топтастырған «360 әулиелі Маңғыстау» суретті кітабы, Ә.Кекілбайұлының шығармаларының 12 томы  демеуші қаражатымен жарыққа шықты.


Ә.Кекілбайұлының 80 жылдығында жазушының өлкетану тақырыбындағы кітабы негізінде «Ұлы дала шежіресі – архив деректерінде», «Ұйқыдағы арудың оянуы» деректі фильмдері түсіріліп, жарық көрді. NCOC компаниясының демеушілігімен Ә.Кекілбаев атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінің жаңа ғимараты салынып, музей алдында жазушыға ескерткіш орнатылды. Сонымен қатар биыл кітапханасы ашылады.



- Ал «Қазақстанның сакралды география» атты  арнайы жобасының нәтижесі қандай?


- «Қазақстанның сакралды географиясы» арнайы жобасы аясында өңірде тарихи сананы және патриоттықты дамыту, Қазақстанның киелі жерлерін зерттеу, заманауи қазақстандық мәдениетті дамыту және таныту мақсатында бірнеше экспедициялар жүзеге асты. «Маңғыстаудың киелі орындары» интерактив картаға 13 ескерткіш кірді. 28 тарихи-мәдени мұра объектілеріне QR-код орнатылды. Сонымен қатар 17 нысан бойынша 3D үлгіде панорама, жеті нысанға анимациялық видео ролик дайындалды. Маңғыстаудың туристік әлеуеті туралы 20 сакралды орынға шағын бейнероликтер түсірілді. Қамысбай қорымының араб эпитафиялық жазулары зерттеліп, қорымдағы 120 объектінің араб әріпті эпитафиясы аударылды. «Мақамы мәшһүр Маңғыстау» атты дәстүрлі музыка мәдениетіне арналған сайт жасалды.   


Жергілікті тұрғындар, туристер мен қонақтар үшін NCOC компаниясының демеушілігімен Ақтау қаласының теңіз жағалауындағы «Жартас соқпақ» телімі абаттандырылды.



- Осы атқарылған жобалардың тиімді не тиімсіз екенін қалай анықтасақ болады?


- Әрине науқаншылық пен ресмиліктен арылуымыз керек. Бұл әрбір азаматтың санасының өзгеруіне байланысты. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының бергені де, берері де көп. Осы қазіргі кезеңде «Рухани жаңғыру» бағдарламасының мазмұнын, оның  жүгін халық та түсініп келеді. Бағдарламаны тиімді жүзеге асыруға байланысты тың идеялар мен жақсы ойлар айтылып жүр. Қоғамдық сананы жаңғырту үдерісін үнемі, үздіксіз жалғастыра беруіміз керек. Бұл мемлекеттің ғана емес, қоғамның қажеттілігінен туған. Халықтық бағдарлама! Сондықтан оған халқымыз да мүдделі болуы тиіс. Алдағы уақытта бағдарламаның бұдан да кең қанат жаюы үшін жаппай халық болып атсалыссақ, құба-құп болар еді. Сонда ғана біз рухани жаң­ғырудың биігіне шыға аламыз, бағдарламаның пәрменді шараларын атқаруға қол жеткіземіз.



- Жұмыстарыңызға әлемдік пандемияның ықпалы қандай?


- Бұл індеттен қалай арылып шығамыз деген қиындық барлық жерде болды. Мұндай сәтте өз еліңе пайдалы болу, тағдыры үшін жауапты болу әр адамның борышы мен ар-ожданы, парызы деп білемін. Өңірдегі бағдарлама жобаларын орындауда орталық және жергілікті атқарушы органдармен жұмысты қашықтықтан үйлестірдік. Онлайн үлгідегі жұмыстардың артықшылығы мен ұтатын жақтары көп. Бұл режимде өткен шараға қатысушылар саны шектеулі, белгілі бір орында ғана өтеді, ал офлайн режимінде қатысушылармен тығыз байланыста болып, жоба кең көлемде ұйымдастырылады.



- Сұхбаттасқаныңызға рахмет! Әр жұмысыңыз берекелі, табысты болсын!
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді