Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қызылордада есептегі 258 сотталған азамат жұмыспен қамтылды

Қызылордада есептегі 258 сотталған азамат жұмыспен қамтылды
Фото: Polisia.kz

Қызылордада есептегі 258 сотталған азамат жұмыспен қамтылды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД пробация қызметтерінің есебінде қазіргі таңда 1000-ға жуық сотталған тіркеуде тұр. Пробация қызметі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, есептегі азаматтарға құқықтық, әлеуметтік және психологиялық көмек көрсетуді жүйелі түрде жүзеге асырып келеді. Жыл басынан бері 258 сотталған азамат тұрақты жұмысқа орналастырылды. Сонымен қатар, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация есебінде тұрған азаматтарды жұмыспен қамту мақсатында белгіленген квота бойынша 74 сотталған жұмысқа орналастырылды. Бұл – пробация қызметі мен жергілікті әкімдіктердің бірлескен жұмысының нақты нәтижесі. Жуырда Қармақшы аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған 9 сотталған азамат аудан аумағындағы ұйымдар мен кәсіпорындарға жылу маусымына арналған маусымдық жұмыстарға орналастырылды.

"Пробация қызметінің қолдауымен тұрақты жұмысқа орналасып, өз еңбегіммен нәпақамды тауып жүрмін. Еңбек ету маған жаңа өмір бастауға, өзіме деген сенімді қайта оралуға мүмкіндік берді. Осындай сенім мен қолдау көрсеткен пробация қызметінің мамандарына алғыс білдіремін", – деді есептегі сотталған азамат. 

Пробация қызметі алдағы уақытта да жергілікті атқарушы органдармен және кәсіпкерлермен бірлесе отырып, есептегі азаматтарды тұрақты әрі маусымдық жұмыстармен қамту жұмыстарын жалғастыруды жоспарлап отыр.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті