Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада қандай ауқымды жол жобалары жүзеге асып жатыр

Астанада қандай ауқымды жол жобалары жүзеге асып жатыр
Фото: Астана қ.әкімдігі

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы қала жолдарын салу және жөндеу бойынша ауқымды жұмыс жүргізді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Көлік желісінің сапасы мен қауіпсіздігін арттыруға бағытталған жобаларды іске асыру аясында ірі жобалар бойынша мынандай жұмыс атқарылды:

1. Күйші Дина көшесінің М.Жұмабаев көшесінен Абылай хан даңғылына дейінгі бөлігінің құрылысы аяқталды. Жоба аясында жол жабыны төселіп, жарықтандыру орнатылды, автотұрақ орындары жасақталды және қозғалысты реттейтін барлық қажетті белгі қойылды.

2. Әйтеке би көшесінде Сығанақ көшесінен Қ.Мұхамедханов көшесіне дейін көлік қозғалысы қамтамасыз етілді. Жоба жұмысы жалғасып жатыр, уақытша белгілер орнатылған. Биыл қазан айының соңына дейін бағдаршам нысандарын орнату жоспарланып отыр. Барлық жұмыс жобалық құжаттамаға толық сәйкес жүргізілуде.

3. Ш.Қалдаяқов көшесінің Тәуелсіздік даңғылынан Арыс көпіріне дейінгі бөлігінде жол жабынын жөндеу жұмысы жүргізілді.

4. Ә.Бектұров көшесінің құрылысы аясында (Тұран даңғылына шығу бөлігі) Ә.Бектұров көшесі мен Тұран даңғылының қиылысында бағдаршам орнатылды. Көше жарықтандырылып, жол таңбалары сызылды, іргелес аумақ абаттандырылды. 

5. Т.Рысқұлов көшесінде Мәңгілік Ел даңғылынан Нұра арнасына дейінгі учаскеде көлік қозғалысы ашылды. Жоба аясында жаяу жүргінші жолдары мен веложолақтар, бағдаршамдар және заманауи көше жарықтандыру жүйесі қарастырылған.

6. ЕК-32 көшесінде Төле би көшесінен «Хан Шатыр» СОО-ға дейінгі қозғалыс қамтамасыз етілді.

7. Қ.Қайсенов көшесінде Ұлы Дала даңғылынан Бұқар жырау көшесіне дейінгі бөлікте жұмыс жалғасып жатыр. Биыл қазан айының соңына дейін бұл учаскеде көлік қозғалысын ашу жоспарланған.

8. Бұқар жырау көшесінің Әл-Фараби даңғылынан Жошы хан көшесіне дейінгі бөлігінде жаңарту жұмысы қарқынды жүріп жатыр. Құрылыс, жарықтандыру және жол инфрақұрылымын жаңарту нәтижесінде көше заманауи әрі ыңғайлы келбетке ие болып отыр.

9. №117 жаңа мектепке Төле би көшесінен басталатын ЕК-13 көшесі арқылы ыңғайлы кіреберіс қамтамасыз етілді.

Аталған шаралар жол қозғалысының жайлылығы мен қауіпсіздігін арттыруға, көлік қозғалысының жылдамдығын және қалалық инфрақұрылымның сапасын жақсартуға бағытталған. Басқарма бекітілген жоспарларға сәйкес ауқымды жобаларды іске асыруды жалғастырып, елорда тұрғындары мен қонақтары үшін заманауи әрі қолайлы көлік ортасын қалыптастыруды көздейді.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті