Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Олжас Бектенов KGIR–2025 қатысушыларымен бірқатар кездесу өткізді

Олжас Бектенов KGIR–2025 қатысушыларымен бірқатар кездесу өткізді
Фото: primeminister.kz

Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов жаһандық инвестициялар жөніндегі VIII қазақстандық дөңгелек үстелге (KGIR-2025) қатысушылармен бірқатар кездесу өткізді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткен жаңа инвестициялық циклді іске қосу міндеттері аясында ҚР Үкіметі ел экономикасына шетелдік инвестиция көлемін ұлғайту мақсатында халықаралық компаниялармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде.

Агроөнеркәсіп кешені, энергетика, коммуналдық секторлар және басқа да салалардағы ағымдағы және перспективалық жобалар аясында инвестициялық ынтымақтастық бағыттары қаралды.

Еуропалық қайта құру және даму банкінің вице-президенті Маттео Патронемен банктің Қазақстан аумағында инфрақұрылымдық жобаларға қатысу мәселелері талқыланды. Сондай-ақ шағын және орта бизнесті дамыту бағыттарына назар аударылды.

Ресей, Беларусь, Кавказ және Орталық Азия аймағы бойынша PepsiCo компаниясының президенті Дэвид Манзинимен кездесу барысында Алматы облысында құрылысы ақталуға жақын тұрған тұзды тіскебастарлар шығаратын зауыт жөніндегі жобаның іске асырылу барысы қаралды. Өңір әкімдіктеріне тиісті мемлекеттік органдармен бірлесіп, инвестициялық жобаны қажетті инфрақұрылымдық шешімдермен қамтамасыз етуге одан әрі жәрдемдесу тапсырылды.

Fufeng Group директорлар кеңесінің төрағасы Ли Сюэчунмен Жамбыл облысында жүгеріні терең өңдеу бойынша тігінен интеграцияланған өнеркәсіптік парк жобасын жүзеге асыруға көңіл бөлінді. Өндіріс отандық шикізатқа негізделетін болады. Инвестор алдағы өндірісті іске қосу үшін «жылдам дәліз» тетігі шеңберінде қолайлы бизнес-ортаны және жасалған жағдайларды оң бағалады.

Кездесулердің қорытындысы бойынша Олжас Бектенов Қазақстан Үкіметі инвесторларға жан-жақты қолдау көрсетіп және бизнес-жобаларды толық сүйемелдеуге баса назар аудара отырып, қолайлы инвестициялық ахуалды қалыптастыруды жалғастыратынын атап өтті. Жаңа өндірістерді іске қосу елдің өнеркәсіптік және экспорттық әлеуетін нығайту, сондай-ақ жаңа жұмыс орындарын ашу үшін стратегиялық маңызға ие.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті